НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРҒА СӘЙКЕС СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН НАУҚАСТАРДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Кіріспе: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және халықаралық сарапшылардың пікірінше, жаңа мыңжылдықтың басында денсаулық сақтаудың инфекциялық қауіпсіздігі мәселесі әлемнің барлық елдерінде олардың даму деңгейіне қарамастан жаһандық ауқымға ие болды. Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялармен (МККБИ) күресу мәселесі әлемнің барлық елдерінде өзекті, өйткені МККБИ-ның артуы өлім-жітімнің, ауру-сырқаудың және емдеу шығындарының артуына, сондай-ақ науқастар мен медициналық қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндіреді. Медициналық сарапшылардың пікірінше, мұқият инфекциялық бақылау, оның ішінде қорғаныс шаралары мен жеке қорғаныс құралдарын қолдану сияқты әмбебап сақтық шаралары, АИТВ, қан арқылы жұғатын және басқа инфекциялардың таралуын болдырмау үшін, емделушілерді және медицина қызметкерлерін медициналық және стоматологиялық ұйымдарда инфекцияның ықтимал берілуінен қорғайды. Инфекциялардың таралу қауіпінің жоғары болуы стоматологиядағы күрделі мәселе болып табылады, өйткені стоматологиялық көмек халық арасында ең көп таралған медициналық қызмет болып табылады, сонымен бірге АИТВ-инфекциясына, В және С гепатиттеріне қатысты жағдай шиеленісуін жалғастыруда.
Зерттеудің мақсаты: Нормативтік құжаттарға сәйкес стоматологиялық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздікті сақтау шараларын зерделеу және бағалау.
Материалдар мен әдістер: Медициналық процедуралардың қауіпсіз жүргізілуін бақылау үшін біз Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысының стоматологиялық мекемелерінде (Өскемен, Семей, Зайсан, Аягөз, Күршім, Семей әскери госпиталь), халық арасында В және С гепатиті, COVID-19 және АИТВ-инфекциялық аурулардың жиілігін төмендету мақсатында мониторингтік зерттеулер жүргіздік. Зерттеу Шығыс Қазақстан облысы мен Абай ауданындағы 11 стоматологиялық мекеме базасында 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жүргізілді. Бағалау парағын пайдалану арқылы стоматологиялық денсаулық сақтау ұйымдарындағы инфекциялық бақылаудың қолданыстағы тәжірибесін тікелей бақылау арқылы бағалау және мониторинг жүргізілді.
Нәтижелер: Инфекциялық бақылау мен қауіпсіздікті, санитарлық-гигиеналық талаптарды, медициналық емшаралардың қауіпсіздігін, дезинфекциялау және зарарсыздандыру кезеңдерін, медициналық қалдықтармен жұмыс істеуді сақтамау, бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдармен және жеке қорғаныс құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, қан арқылы жұғатын инфекцияның таралу қауіпін тудырады.
Барлық стоматологиялық ұйымдар халыққа медициналық стоматологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу бойынша негізгі талаптар мен шараларды білудің және жүзеге асырудың маңыздылығын түсінбейді.
Қорытынды: Зерттеу стоматологиялық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздікті бақылау шараларын күшейту қажеттігін дәлелдейді. Стоматологиялық мекемелерде инфекцияны бақылау критерийлеріне сәйкестіктің орташа пайызы 50%-дан аз болды.
Көрген адамдардың саны: 233
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Төлегенова Ж.Ж., Токанова Ш.Е., Байбусинова А.Ж., Жуманбаева Ж.М., Калиханова К.Е., Токанова Д.М., Сайлаугалиева С.С. Нормативтік құжаттарға сәйкес стоматологиялық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлер мен науқастардың инфекциялық қауіпсіздігі бойынша шараларды зерделеу және бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.113-121. doi 10.34689/SH.2023.25.6.013Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА