ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ПРОБЛЕМАЛЫ ПАЙДАЛАНУЫ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫ
Кіріспе. Өскелең ұрпақтың психикалық әл-ауқаты аспектілері күрделі мәселе болып табылады. Психикалық денсаулықты болжаушылардың талдауы тиімді профилактикалық жұмыстың құнды құралы болып табылады. Ғаламдық тенденциялар, интернет технологиялардың кең таралуы балалар мен жасөспірімдердің виртуалды кеңістікке белсенді қатысуына әкеледі. Алайда бақылаусыз қарым-қатынас, әсіресе интернет-мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы байланыс олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Зерттеу мақсаты. Әлеуметтік желілерді проблемалы қолданудың жасөспірімдердің психикалық денсаулығына кері әсерін зерттеу.
Әдістері. Обсервациялық, аналитикалық, көлденең зерттеу. Деректер халықаралық хаттамаға сәйкес Қазақстандағы "Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы" (Health Behaviour in School-aged Children, HBSC-2018, 2022 жж.) зерттеуінің екі раунды барысында алынды. Қалалық және ауылдық жасөспірімдердің денсаулығындағы жағымсыз салдардың дамуына әлеуметтік желілерді проблемалы пайдаланудың ықтимал әсерін бағалау мақсатында статистикалық талдаудың көп өлшемді әдісі екілік логистикалық регрессия қолданылды.
Нәтижелері. 2018 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,9%-ынан әлеуметтік желілерді проблемалы пайдалану белгілері анықталды. 2022 жылы жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілерді проблемалы пайдаланудың таралуы шамамен 2 есе өсіп, 12,7%-ға жетті. Соңғы зерттеу қалалық балалар арасында проблемалы пайдаланушылар санының 14,4%-ға дейін айтарлықтай өскенін анықтады (10,2%-ы ауылдық аудандарда, p<0,001, χ² = 26,9).
Зерттеу әлеуметтік желілерді проблемалы пайдаланушылар арасында депрессияның даму мүмкіндігінің едәуір артқанын анықтады: қалалық оқушылар арасында OR - 2,69; 95% ДИ 1,82-3,97; ауылдық оқушылар арасында OR - 2,42; 95% ДИ 1,61-3,63. Әлеуметтік желілерді проблемалы пайдалану мен жасөспірімдердің қатты мазасыздығы (қалада OR - 2,85; 95% ДИ 2,26-3,59; ауылда OR - 2,70; 95% ДИ 1,96-3,71) және стресске төзімділік деңгейінің төмендігі (қалада OR - 2,76; 95% ДИ 1,79-4,26; ауылда OR - 1,56; 95% ДИ 0,77-3,16) арасында жоғары статистикалық маңызды байланыс табылды.
Тұжырым. Әлеуметтік желілерді пайдалану қарқындылығының жоғары болуына жасөспірімдердің психикалық денсаулығының нашарлауы байланысты. Зерттеу жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді проблемалы пайдалануының таралу деңгейінің жоғарылауына және оның денсаулыққа теріс әсеріне жауап ретінде әрекет ету қажеттілігін көрсетеді.
Көрген адамдардың саны: 424
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Адаева А.А., Слажнева Т.И., Абдрахманова Ш.З., Каусова Г.К., Калмакова Ж.А. Қазақстанның қалалық және ауылдық жасөспірімдерінің әлеуметтік желілерді проблемалы пайдалануы және психологиялық әл-ауқаты // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 140-151. doi 10.34689/SH.2023.25.6.017Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА