АНКИЛОЗДЫ СПОНДИЛОАРТРИТ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
Өзектілігі. Анкилозды спондилоартрит (АС) - бұл осьтік қаңқа мен илеосакральды буындардың созылмалы жүйелі қабыну ауруы, ол көбіне ер адамдарда жиі анықталады. АС әртүрлі нәсілдерге және әртүрлі географиялық аймақтарға жататын адамдарда кездеседі, бірақ жекелеген популяцияларда аурудың жоғары таралуы байқалады. АС-мен ауыратын адамдарда жалпы популяциямен салыстырғанда өлім-жітім деңгейі ғана емес, сонымен қатар мүгедектік деңгейі де жоғары, бұл еңбекке жарамсыздықтың жоғары деңгейіне әкеледі. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, АС ағымының ерекшеліктерін зерттеу қазіргі медицинаның өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты: қазіргі кезеңде АС эпидемиологиясының ерекшеліктерін анықтау.
Іздеу стратегиясы: АС эпидемиологиясын зерттеу саласындағы ғылыми жарияланымдарды зерттеу тақырыбы бойынша ашық қолжетімді, зерттеу дизайны бойынша әртүрлі 352 басылым келесі: PubMed, Google Scholar, Web of Science, Syberleninka ғылыми жарияланымдар мен мамандандырылған іздеу жүйелерінің дерекқорларында іздеу жүргізілді. 316 басылым алып тастау критерийлеріне сәйкес: қысқаша есептер, уақиға сипаттамасы және бірқатар жағдайлар, газет мақалалары және қысқа хабарламалар түрінде сарапшылардың пікірі, талдаудан шығарылды. Мета-талдаулар, жүйелі шолулар, когорттық және көлденең зерттеулерді қамтитын түпнұсқа басылымдар ғана талданды. Іздеудің бастапқы тереңдігі 7 жыл болды. 36 басылым таңдалды. Ғылыми жұмыстардың жеткіліксіз санына және осы аурудың соншалықты көп таралмауына байланысты авторлар тобы іздеудің тереңдігін сол критерийлер бойынша 15 жылға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Осы әдеби шолуда ұсынылған 71 ғылыми жұмыс таңдалды.
Нәтижелер мен қорытындылар: әдеби шолуымыздың нәтижелері бойынша АС таралуы әлемнің әртүрлі аймақтарында бірдей еместігі және HLA b27 генінің болу жиілігіне байланысты екені анықталды. Біз жүргізген әдебиеттерді талдау соңғы онжылдықтарда әйелдер арасында АС-ның өсу тенденциясын және жиі анықталуын көрсетеді. Сонымен бірге ерлермен салыстырғанда әйелдерде диагноз қоюдың айтарлықтай кешігуі байқалады, бұл емдеудің кеш басталуына байланысты өмір сапасының айтарлықтай нашарлауына әкеледі.
Көрген адамдардың саны: 209
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Абуова А.С., Мейрамова Ә.М., Садыкова Д.З., Ахметова Ж.Б., Риб Е.А. Анкилозды спондилоартрит эпидемиологиясының заманауи аспектілері. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 199-206. DOI 10.34689/SH.2023.25.6.023Ұқсас жариялымдар:
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ
КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫ АЙНАЛЫП ӨТКЕН ПАЦИЕНТТЕРДІ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ
ЖОҒАРҒЫ АСҚАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ ҚАН АСУЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЕМДЕУ.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ