Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТҮБІР ӨЗЕКТЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ ТҮБІРҰШЫ ПЕРИОДОНТ ҚАБЫНУЫН ИРРИГАЦИЯЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР
Кіріспе. Кіріспе. Созылмалы апикальды периодонтит (САП) пульпиттің асқынуы нәтижесінде дамиды және периодонт тіндеріне әсер етеді. Сондай-ақ, тіс жұлудың себебі бола отырып, ауыз қуысының аурулары арасында үшінші орын алады. САП пайда болуының негізгі себептерінің бірі-бұл эндоддонтиялық ем кезинде маманнның түбір каналдарының анатомиялық морфологиясыны жане дәрі дәрмекпен емдеу ерекшеліктерін білмеу. Мақсаты тіс түбір каналының морфологиясын популяцияға байланысты зерттеу және созылмалы апикальды периодонтитті тістерді эндонтиялық дәрілік емдеу кезінде майланған қабат, микробтық биофильмге әсері бойынша ағымдағы әдебиеттерді талдау. Іздеу стратегиясы. Әдебиеттерді іздеу PubMed, GoogleScholar, e-libruary, Cochrane libruary дерекқорларын пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Іздеу "түбір морфологиясы", "созылмалы апикальды периодонтит", "түбір өзегін ирригация жасау", "қосымша арналар", "микробтық биофильм"кілт сөздері бойынша жүргізілді. Нәтижелер мен қорытындылар. Тістің тиесілілігіне және мүмкін этникалық нәсілге байланысты қосымша арналардың саны мен мүмкін болатын вариацияларын зерттеу САП пациенттерін емдеуді жетілдіруге және дұрыс жоспарлауға көмектеседі. Ирриганттардыңтардың микробты биофильмге және майланған қабатқа әсері туралы көптеген зерттеулерді ex vivo, in vitro жүргізеді және аралық нәтижелер бағаланады. Осы саладағы зерттеулердің басымдықтарын қайта қарау және ирриганттардың енуін, олардың биофильмге, дентин түтікшелеріне әсерін және ұзақ мерзімді емдеу нәтижелерін тереңірек зерттеу қажет.
Көрген адамдардың саны: 186

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Тулегенова И.М., Копбаева М.Т., Алтынбеков К.Д., Ризаев Ж.А., Омарова Б.А. Түбір өзектерының морфологиялық жүйесі және созылмалы түбірұшы периодонт қабынуын ирригациялау үшін қолданылатын // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 235-245. DOI 10.34689/SH.2023.25.6.026

Авторизируйтесь для отправки комментариев