ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ӨМІР САПАСЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Кіріспе: Обыр әлем бойынша өлім-жітімнің екінші себебі болып табылады. Сол сияқты, Қазақстанда бұл денсаулық сақтау жүйесінің күрделі проблемасы болып отыр және аурулардың ауыртпалығы жыл сайын артып келеді. Обырдың химия терапиясы адамның жай-күйіне жағымсыз әсер етеді. Соңғы бірнеше жылда өмір сапасы (ӨС) науқастың өмір сүруіндегі қатерлі обыр ауруларын емдеудің негізгі мақсаты ретінде қарастырылды.
Мақсаты: Зерттеудің мақсаты қан жүйесінің қатерлі ісігі бар пациенттердің өмір сапасын және олардың факторларын бағалау, сонымен қатар пациенттердің өмір сапасына байланысты факторларды зерттеу болды.
Материалдар және әдістер: 2013 жылғы қаңтар және 2023 жылғы наурыз аралығында Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қан обырына шалдыққан ересек науқастарды қостық, қан жүйесінің қатерлі ісігі бар 199 тұлғаның өмір сапасын бағалап, айқас зерттеу жүргізілді. 36 тармақтан (SF-36) тұратын денсаулық туралы қысқаша сауалнама (SF-36) өмір сапасын бағалау құралы болды. Тәуелсіз сұрыптау үшін t-тестерді және бір жақты дисперсиялық талдауды есептегенде статистикалық талдау әртүрлі әлеуметтік-демографиялық және клиникалық сипаттамалары бар топтар арасында өмір сапасының ішкі шкалалары бойынша көрсеткіштерді салыстыру үшін қолданылды. Сонымен қатар, пациенттердің өмір сапасына байланысты факторларды және олардың детерминанттарын анықтау үшін көптеген кемімелдік талдау қосымша жүргізілді.
Нәтижелерi: Нәтижелер адамның өмір сүру сапасының орташа деңгейден төмен көрсеткіштерін көрсетеді, бұл психикалық әл-ауқатқа айтарлықтай әсер етеді. Айта кетерлік жайт, "эмоционалдық қызметтің рөлі" әртүрлі жас топтарындағы өмір сапасының төмендігін көрсетеді. Гендерлік айырмашылық байқалады, әйел адамдар көбінесе «физикалық қызмет» мәселелерімен бетпе-бет келеді, өз кезегінде ер адамдар «эмоционалдық қызметке», «өмірлік белсенділікке» және «психикалық денсаулыққа» қатысты қиындықтармен соқтығысады. Сонымен қатар «жалпы денсаулық» және «өмірге қабілеттілік» көрсеткіштерінде жас айырмашылығы байқалады. Жүргізілген логистикалық кемімелдік талдау адамның өмір сапасының әртүрлі компоненттеріне әсер ететін елеулі предикторлар ретінде жынысын, жасын, әлеуметтік мәртебесін және емдеу жиілігін анықтады.
Қорытындылар: Нәтижелер өмір сапасын және емдеу нәтижелерін жақсарту үшін медициналық, әлеуметтік және психологиялық аспектілерін ескеріп, обырды емдеу тәсілдері тұтастығының маңыздылығына бас назар аударады.
Көрген адамдардың саны: 439
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Атабаева А.К., Хисметова З.А., Масалимов А.Е., Калбагаева Ж.Е., Серикова-Есенгельдина Д.С., Борщук Е.Л. Қан жүйесінің қатерлі ісігі бар пациенттердің өмір сапасына медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 46-52. doi 10.34689/SH.2024.26.1.006Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА