АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІ: КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ
Паллиативтік көмек көрсететін персоналдың жетіспеушілігі барған сайын байқалады. Медбикелер денсаулық сақтау саласындағы мамандардың ең үлкен тобын құраса да, олардың көмектің барлық деңгейлеріндегі паллиативтік көмектегі рөлі туралы аз мәлімет бар. Паллиативтік көмекке әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз етуде, әсіресе алғашқы медициналық көмек көрсету сатысында медбикелердің маңызды рөлін атап өту қажет. Кәсіби дайындықтың болмауы және денсаулық сақтау мамандарының паллиативтік көмек туралы хабардарлығының төмендігі паллиативтік көмекті жақсартудағы негізгі кедергі болып табылады. Барлық медициналық мекемелердегі медбикелер ауыр сырқаттан зардап шегетін науқастарға медициналық қызмет көрсетуге белсенді қатысатындықтан, олардың паллиативтік көмек көрсету бойынша жеткілікті білімі мен тәжірибесі болуы керек. Әсіресе, паллиативтік көмек көрсетумен белсенді айналысатын мамандардың паллиативтік көмектің философиясын жетік түсінуі маңызды.
Зерттеудің мақсаты – алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жұмыс істейтін медбикелердің паллиативтік көмек саласындағы білім деңгейін анықтау.
Көрген адамдардың саны: 322
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Машарипова А.В., Нургалиева Н.К., Дербисалина Г.А. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы медбикелердің паллиативтік көмек көрсетуге дайындық деңгейі: көлденең зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 53-60. DOI 10.34689/SH.2024.26.1.007Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ