Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖУАН ІШЕК ПЕН АНОРЕКТАЛДЫ АЙМАҚҚА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАҒАН БАЛАЛАРДЫ РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
Кіріспе Табысты хирургиялық емдеуден басқа, тоқ ішек пен аноректальді аймаққа операция жасалған балаларда ішек жұмысын қалыпқа келтіру үшін операциядан кейінгі емдеу өте маңызды. Ауруханадан шыққаннан кейін мұндай науқастар тек жалпы клиникалық бақылау мен физиотерапиялық ем алады, өйткені хирург, педиатр және жалпы тәжірибелік дәрігерлер операциядан кейінгі кезеңде оңалту шараларын толық түсінбейді. Зерттеудің мақсаты пациенттерді оңалту нәтижелерін бағалау және жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен педиатрлардың тоқ ішек пен аноректалды хирургиялық операциядан кейінгі науқастарды оңалту негіздері туралы хабардарлығын арттыру. Материалдар мен әдістер: Бақылау тобына 60 науқас және негізгі топқа тоқ ішек пен аноректалды операция жасалған 45 пациент кірді. Оңалту бағдарламасының нәтижелерін бағалау үшін Холшнайдер шкаласы қолданылды. Нәтижелер: Реабилитациялық шаралар кешеніне анусты Гегар кеңейткішімен кеңейту, дефекацияны қалыпқа келтіру (жаттығу клизмалары), психомоторлық және электростимуляция, тік ішек гимнастикасы кірді. Реабилитациялық ем қолдану қанағаттанарлықсыз нәтиженің 10,2%-дан 8,2%-ға төмендеуіне әкелді. Қорытынды Мақалада операциядан кейінгі кезеңдегі оңалтудың маңыздылығы, адекватты емдеудің медициналық және әлеуметтік-экономикалық мәселесі, науқастың денсаулығын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін қабылдаған шаралар туралы ақпарат бар.
Көрген адамдардың саны: 2249


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Месова А.М., Санбаев М., Аубакиров М.Т., Әринтай Ә., Жусупов С.М., Абдрахманов С.Т. Жуан ішек пен аноректалды аймаққа операция жасаған балаларды реабилитациялау негіздері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 95-101. doi 10.34689/SH.2024.26.1.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев