Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТҮЙІРШІКТЕЛГЕН ІРІҢДІ ЖАРАЛАРДЫ АУТОТЕРІЖАМАУМЕН ЕМДЕУДІҢ ОҢТАЙЛАНДЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Кіріспе. Түйіршіктелген іріңді жараларды емдеу кезінде кейбір сырқаттар тірінің бүтіндігін қамтамасыз ету үшін ота қолдануды қажетсінеді. Соның ішінде дербес ыдыратылған теріжамау ерекше орын алады. Алайда, тері қиындысының толықтай жара бетіне тұрақтануына қол жеткізіле берілмейді. Зерттеу мақсаты - отаішілік, не отадан кейін дербес аутотеріжамау отасынан соң жараларға емдеу жүргізу арқылы түрлі себепті пайда болған түйіршіктелген іріңді жараларды емдеудегі аутотеріжамауды оңтайландыру нәтижелерін бағалау. Зерттеу материалдары мен әдістері. Рандомизацияланбаған клиникалық бақылауда түрлі себепті пайда болған түйіршіктелген іріңді жаралары бар 100 сырқат болды. Негізгі топтағы 50 сырқатқа отаішілік, не отадан кейін дербес ыдыратылған аутотеріжамау отасынан кейінгі жараларға емдеудің жаңа тәртібі, ал салыстыру тобындағы 50 сырқатқа аутотеріжамаулы жараларға дәстүрлі таңғышпен емдеуі қолданылды. Зерттеу нәтижелері. Жалпылама алғанда, аутотеріжамаудан кейін негізгі топта трансплантаттың толығымен тұрақтануы деп, ал салыстыру тобында реципиент-орынға жартылай тұрақтануы деп бағаланды. Әсіресе, үсік шалған сырқаттармен салыстырғанда хирургиялық және жарақаттық түйіршіктілі жараларда жақсы нәтижелерге қол жеткізілген. Тұжырым. Дайындалған отаішілік, не отадан кейін дербес аутотеріжамау отасынан соң жараларға емдеу жүргізу алгоритмі дәстүрлі емдеу әдісімен емдеуімен салыстырғанда, қолданған сырқаттар санына шаққанда аутотеріжамаудың тұрақтануы 76%-дан 96%-ға дейін (χ2=6,728; p=0,01) көтеріліп, ал аутотерітрансплантатының аумағына шаққанда 77,34±0,33%-дан 96,06±0,2%-ға дейін (t = 48,51; р<0,05) артып, жаралық асқынулары 7,6 есеге төмендеген.
Көрген адамдардың саны: 4404


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Имангазинов С.Б., Омаров Н.Б., Андасбеков Н.К., Қаирханов Е.К., Таштемирова О.Г., Казангапов Р.С., Имангазинова С.С. Түйіршіктелген іріңді жараларды аутотеріжамаумен емдеудің оңтайландыру нәтижелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 102-108. doi 10.34689/SH.2024.26.1.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев