БІРІНШІЛІК БИЛИАРЛЫ ХОЛАНГИТІ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫ МЕН ОНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Кіріспе. Біріншілік билиарлы холангит (ББХ)– бауырдың аутоиммунды ауруы, ол ерте мүгедектікке және ерте өлімге алып келеді. Аурудың әлсіздік (науқастардың 80 %-де), тері қышуы, есте сақтау мен ұйқының бұзылуы, депрессия және вегетативті дисфункция сияқты клиникалық көріністері науқастардың өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді және тек негізгі үрдісті емдеу арқылы жойылмайды. Өмір сапасын анықтаудың сипаты субъективті және көпқырлы болғандықтан аталған белгілердің өмір сапасына әсерін бағалауды сандық деңгейде көрсету қиын болып табылады, сондықтан біріншілік билиарлы холангиті бар науқастардың өмір сапасын сандық бағалау үшін көптеген алуан түрлі сауалнамалар мен шкалалалар әзірленген. ББХ-ті бар науқастардың өмір сапасы бағалаудың нақты құралын таңдау дәрігерлік тәжірибеде де және зерттеушілерге де күрделі, әрі өте маңызды міндеті болып табылады.
Мақсаты – біріншілік билиарлы холангиті бар науқастардың өмір сапасын бағалаудың түрлі әдістеріне шолу жасау, неғұрлым жиі қолданылатын сауалнамалар мен шкалаларға сипаттама беру.
Іздеу стратегиясы Scopus, Web of Science Core Collection, PubMed, MedLine және т.б. сияқты халықаралық мәлімет базасы мен ресурстарындағы зерттеулер мен публикацияларды қамтиды. Бастапқы 178 жұмыстың ішінен соңғы 5-10 жыл ішінде жарық көрген 51 ғылыми жұмыс іріктелініпп алынды.
Нәтижелері мен талқылаулары. Бұл ғылыми жұмыс өмір сапасын бағалаудың қазіргі таңда бар әдістерін жіктейді, сонымен қатар көптеген сауалнамалар мен шкалалардың ішінен дәрігер аурудың әрбір сценарийіне сәйкес келетін құралды таңдап алуына мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 672
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Булгунова А.М., Адайбаев К.Т., Сайпиева Д.Т., Туганбеков Т.У., Аскаров М.Б., Омарбеков А.Ж. Біріншілік билиарлы холангиті бар науқастардың өмір сапасы мен оны бағалаудың әдістері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 191-200. doi 10.34689/SH.2024.26.1.023Ұқсас жариялымдар:
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ
КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫ АЙНАЛЫП ӨТКЕН ПАЦИЕНТТЕРДІ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ
ЖОҒАРҒЫ АСҚАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ ҚАН АСУЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЕМДЕУ.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ