КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ МЫСАЛЫНДАҒЫ АНКИЛОЗДАУШЫ СПОНДИЛИТ КЕЗІНДЕГІ ОСТЕОПОРОЗ БЕН ОСТЕОГЕНЕЗ – ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҮРДІСТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІРІЛУІ
Анкилоздаушы спондилоартрит (АС) ревматикалық аурулардың заманауи ғылымының дамуына қарамастан толық зерттелмеген патология болып есептеледі. АС үшін қарама-қарсы екі үрдістің: остеогенез бен остеопороздың бір мезеттегі белсендірілуі парадоксальды болып табылады. Біздің мақалада КеАҚ «Семей медицина университетінің» Университеттік госпиталінде анықталған АС екі науқас сипатталған, онда омыртқаның патологиялық сынығына әкеліп соқтырған қарама-қарсы екі үрдіс – остеогенез бен остеопороздың бір мезетте дамуының әсері ретінде көрініс тапқан. Остеопороздың ауру ұзақтығы, персистирлеуші жоғарғы белсенділік, С-реактивті белок, BASDAI және BASFI индекстері, сүйек тығыздығының төмендеуі тәрізді қауіп факторларымен остеогенездің жоғарылаған үрдісі – анкилоз салдарынан омыртқа қозғалғыштығының жойылуы, стероидты қабынуға қарсы препараттарды ұзақ уақыт қабылдау және базисті емнің тиімсіздігі С. науқаста омыртқаның сынуына және М. науқаста сынудың жоғарғы қауіптілігіне әкеледі. Патологиялық сынықтың АС науқастарында алдын алу үшін сүйек тінінің тығыздығын ерте мониторлау, сыну қаупін бағалау мақсатында DXA клиникалық қолданылуын ары қарай зерттеу және остеопороздың алдын алу мақсатында емдік препараттарды уақытылы қабылдау шараларын жүргізу қажет.
Көрген адамдардың саны: 696
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Мадиева М.Р., Каскабаева А.Ш., Рымбаева Т.Х., Берсимбекова Г.Б., Канапиянова Г.Б., Муканова А.K. Клиникалық жағдай мысалындағы анкилоздаушы спондилит кезіндегі остеопороз бен остеогенез – қарама-қарсы үрдістердің белсендірілуі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 253-258. doi 10.34689/SH.2024.26.1.030Ұқсас жариялымдар:
EXTRAPULMONARY TUBERCULOSIS IN A KAZAKH PATIENT WITH MIXED CONNECTIVE TISSUE DISEASE. СLINICAL CASE
THE EFFECT OF STEROID THERAPY ON BONE TISSUE IN RHEUMATIC DISEASES (DESCRIPTION OF A CLINICAL CASE)
A CLINICAL CASE OF ECHINOCOCCOSIS OF THE SPINE
DRUG-INDUCED LIVER DAMAGE. CLINICAL CASE
КЛИНИЧЕСКОЕ НАБЛЮДЕНИЕ БОЛЕЗНИ БЕХЧЕТА У ЖЕНЩИНЫ 36 ЛЕТ