ШЕТЕЛДІК КЛИНИКАЛАРДАҒЫ ЕМ САПАСЫНА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚАНАҒАТТАНУЫН ТАЛДАУ
Кіріспе. Медициналық туризм басқа елге қолжетімді бағамен емделуге және жоғары сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге немесе өз елінде қабылдамайтын мамандандырылған ем алуға бару ретінде анықталады. Пациенттердің қанағаттану рейтингтері, медициналық көмек алушылардың олардың күтім тәжірибесінің маңызды аспектілеріне реакциялары дамыған және дамушы елдердегі денсаулық сақтаудың жалпы сапасының маңызды көрсеткіші болып саналады.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен шетелдік клиникаларда емделген науқастардың қанағаттануын зерттеу.
Материалдар мен әдістері. Көлденең-қима Зерттеуге 2019-2021 жылдар аралығында бюджет қаражаты есебінен шетелдік клиникаларда емделген науқастар (шетелде бюджет қаражаты есебінен емделген 86 науқас) қамтылды.
Нәтижелер. Респонденттердің көпшілігі емделді 2019 жылы –45 (52,3%), қалғандары 2020 жылы – 32 (37,2%), 2021 жылы – 9 (10,5%) емделді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің ішінде әйелдер 51,2% (n=44), ерлер 48,8% (n=42) пациенттердің көпшілігі (61,6%) 0 мен 18 жас аралығындағылар. Сонымен қатар, бұл іріктеуде 60 жастан асқан науқастардың үлесі 4,7% құрады. Жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін ең танымал бағыт – Түркия, одан кейін Ресей Федерациясы және Оңтүстік Корея.
Қорытындылар. Жалпы респонденттердің 79 (91,8%) медициналық көмек көрсету жағдайларына қанағаттанса, 7 (8,2%) қанағаттанбаған. Жалпы респонденттердің 67 (77,9%) достары мен туыстарына емханаға баруды ұсынса, 10 (11,6%) жауап беруге қиналса, 10,5% (7) басқа медициналық ұйымға баруды ұсынады. Емхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы мен жайлылығын респонденттердің 80 (93%) бағалады, 3 (3,5%) қанағаттанбады және 3 (3,5%) жауап беруге қиналады.
Көрген адамдардың саны: 204
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Мусаханова А.К., Керимбаева З.А., Рахметова В.C., Абильдина А.С., Байсеркина Д.C. Шетелдік клиникалардағы ем сапасына пациенттердің қанағаттануын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 20-26. doi 10.34689/SH.2024.26.2.003Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА