ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАР ӨМІР СҮРУ САПАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кіріспе. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастар өмір сүру сапасы әртүрлі факторлар салдарынан нашарлауы мүмкін. Сондықтан да аурудың маңызды предикторлары мен этиологиялық факторларын анықтап, емнің және оңалтудың ұтымды жолдарын қолданып, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға болады.
Зерттеу мақсаты. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасының медициналық, әлеуметтік және психологиялық сипаттамаларымен байланысын анықтау.
Зерттеу материалы және әдістері. Зерттеу дизайны – проспективті көлденең зерттеу. «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің хирургиялық бөлімінде 2022 – 2023 ж.ж. аралығында жедел панкреатитке орай емделген 157 науқастарға әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Науқастардың медициналық, әлеуметтік сипаттамасын анықтау үшін арнайы сауалнама құрастырылды. Науқастардың өмір сүру сапасын бағалау үшін бейімделген SF-36 сауалнамасы қолданды. Науқастардағы күйзеліс, уайымшылдық, емге тұрақтылықты зерттеу үшін бейімделген стандартты сауалнамалар колданылды (Бектің күйзеліс шкаласы, Спилберг – Ханин сауалнамасы, «Комплаенттілік деңгейі» сауалнамасы). Зерттеу нәтижелерінің статистикалық сараптауы SPSS бағдарламасы 20.0 ұсынысын қолданып жүргізілді, p<0.05 болғанда нәтижелер статистикалық айқын саналды.
Нәтижелері. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы «рөлдік физикалық қызмет» - 40,73±38,21, «рөлдік эмоциялық қызмет» - 44,11±39,6 көрсеткіштері бойынша нашарлауы, жайлы өмір бойынша орташадан төмен деңгейін айқындайды. Зерттеу нәтижелері бойынша науқастар денсаулықтарының физикалық және психологиялық компоненттерінің айтарлықтай нашарлауы, өмір сүру сапасының жеке көрсеткіштеріне жасы, жынысы, әлеуметтік статусы, білім деңгейі, кері қылықтары, қосымша аурулары және психологиялық статусы әсері анықталды.
Қорытынды: Жедел панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы орта деңгейден төмен. Әйел жынысы, толық емес орта және орта білім, зейнеткерлік жас, мүгедектік, жұмыссыздық, спирттік ішімдікке әуестік, қосымша майлық гепатоз, өт – тас ауруы, семіздік, дуоденалды – гастралдық рефлюкспен жүретін гастрит, күйзеліс, уайымшылдық, емге тұрақтылықтың төмендеуі науқастардың өмір сүру сапасын айқын нашарлатады.
Көрген адамдардың саны: 309
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Ахметов А.Ж., Булегенов Т.А., Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Колядо В.Б., Байбусинова А.Ж., Масалов А.Е., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастар өмір сүру сапасының медициналық, әлеуметтік және психологиялық аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 36-44. doi 10.34689/SH.2024.26.2.005Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА