Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ОҢАЛТУДЫҢ ӘРТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ АРТЫҚ САЛМАҒЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯДЫ ШУНТТАУДАН КЕЙІНГІ МИОКАРДТЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Кіріспе. Жүрек-қан тамырлары ауруларының өлімге әкелетін асқынуларының жаһандық рөлі өте маңызды, өйткені олар бүкіл халықтың жалпы өлім-жітімінің құрылымында жетекші себеп болып табылады. Интервенциялық және реконструктивті әдістерді кеңінен қолдану миокард артерияларындағы қан ағымының қалпына келуін қамтамасыз ете отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде жетістіктерге қол жеткізді. Алайда, коронарлы артериялардагы қан айналымды қалпына келтіргеннен кейін оңалту кезеңінде асқынулармен және жүректегі құрылымдық өзгерістерге байланысты күрделі мәселелер туындайды. Зерттеудің мақсаты- артық салмағы бар науқастарда аортокоронарлы шунттаудан кейін динамикада миокардтың құрылымдық-функционалдық өзгерістерін оңалту кезеңдерінде бақылау. Материалдар мен әдістер: Когорттық зерттеуге 2021 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында "облыстық кардиохирургиялық орталыққа" жатқызылған және Қарағанды қаласының "Тұлпар" кардио-оңалту орталығында емделген 97 науқас енгізілді. Пациенттер 2 топқа бөлінді: 1-ші топ (негізгі топ) – аортокоронарлы шунттаудан кейінгі артық салмағы бар науқастар (N=54) және 2-ші топ (салыстыру тобы) - аортокоронарлы шунттаудан кейінгі артық салмағы жоқ науқастар (N=43). Пациенттер облыстық кардиохирургиялық орталықта аортокоронарлы шунттаудан кейінгі бірінші тәулікте, содан кейін - "Тұлпар"орталығының кардиореабилитациясының 1-ші, 2-ші және 3-ші кезеңдерінде тексерілді. Пациенттерге клиникалық тексеру жүргізілді: шағымдарды зерттеу, антропометриямен физикалық тексеру, дене салмағының индексін анықтау. Зерттеудің ішкі әдістерінің ішінен 12 стандартты қорғасында электрокардиограмма (ЭКГ) және трансторакальды эхокардиография (ТЭхоКГ) қолданылды. Статистикалық деректерді талдау STATISTICA 12 бағдарламалық жасақтамасының көмегімен жүргізілді. Үздіксіз шамаларды салыстыру үшін Краскел-Уоллистің параметрлік емес критерийі қолданылды, корреляциялық талдау үшін Спирменнің корреляция коэффициенті қолданылды. Айырмашылықтар статистикалық маңызды болып саналды R<0,05. Нәтижелер: аортокоронарлы шунттаудан кейінгі артық салмағы бар емделушілерде сол жақ қарыншаның миокард массасының индексі, қабырғалардың салыстырмалы қалыңдығы оңалтудың бірінші және екінші кезеңдерінде біртіндеп төмендейді, дегенмен, оңалтудың үшінші кезеңінде қайтадан жоғарылайды. Қорытынды: оңалтудың бірінші және екінші кезеңдеріндегі жақсы динамикаға қарамастан, біз аортокоронарлы шунттаудан кейін артық салмағы бар науқастарда оңалтудың үшінші кезеңіндегі миокардтың құрылымдық өзгерістердің оң динамикасын байқамадық.
Көрген адамдардың саны: 220


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Сейтекова А.Н., Молотов-Лучанский В.Б., Кавкенова З.К. Оңалтудың әртүрлі кезеңдерінде артық салмағы бар науқастардың коронарлық артерияды шунттаудан кейінгі миокардтың құрылымдық-функционалдық өзгерістері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 45-52. doi 10.34689/SH.2024.26.2.006

Авторизируйтесь для отправки комментариев