АСТ/АЛТ, APRI INDEX, FIB4 SCORE ИНВАЗИВТІ ЕМЕС ИНДЕКСТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН СҮЛЕЛІ ПАНКРЕАТИТІ БАР НАУҚАС АДАМДАРДА БАУЫР ФИБРОЗЫНЫҢ ТҮЗІЛУІН БАҒАЛАУ
Кіріспе: Дүние жүзі халық санының өсуі, халықтың миграциясы, диета, алкоголь мен темекіні қолданудың өзгеруі, жастарда семіздік пен метаболизмдік синдромның артуы созылмалы панкреатитінің эпидеомиологиясына өз үлесін қосады. Бауырдың метаболизммен ассоциацияланған майлы ауруы (БМАМА) созылмалы метаболизмдік аурулардың біреуіне жатады, ол жиі 2 типті қант диабеті (ҚД), семіздік пен артериялық гипертензия негізінде дамиды. Созылмалы панкреатиті бар пациенттерде БМАМА дамуы балансты емес тамақтанумен, стресстермен, алкоголь мен темекі қолданумен қоздырады, сонымен қатар пациентте артық салмақ пен семіздіктің болуы және қоршаған ортаның басқа факторлары мен өмір сүру салты БМАМА үдеуіне әкеледі.
Мақсаты: Созылмалы панкреатиті бар пациенттерде бауыр фиброз түзілуін бағалау үшін ACT/АЛТ, APRI index (Aminotransferase to platelet ratio index) және Fibrosis-4 Score (FIB-4 Score) Index инвазивиялық емес индекстердің диагностикалық маңыздылығын зерттеу.
Материалдар мен әдістер: Біздің зерттеу бір мезетті ретроспективті көлденең зерттеу болып келеді. Оған созылмалы панкреатит нақты диагнозы бар 18 жастан 75 жасқа дейінгі еркек пен әйел жынысты 01.01.2021 бастап 31.12.2023 аралығындағы кезеңде «Семей медицина университетінің» КеАҚ Университет госпиталінің Гастроэнтерология бөлімінде стационарлық ем қабылдаған пациенттер қатысты. Зерттеуден қатерлі ісіктердің бар пациенттер; жүктілік не лактация кезеңіндегі пациенттер қатыстырылмады. Инвазивиялық емес индекстер - ACT/АЛТ, APRI index (Aminotransferase to platelet ratio index) және Fibrosis-4 Score (FIB-4 Score) Index арқылы бауырдың фиброз түзілуі бағаланды.
Нәтижелер: Біз созылмалы панкреатиті бар 331 ауру тарихын таңдап алдық, олардың ішінде 218 әйел мен 113 еркек болды. АСТ/АЛТ қатынасының орташа мөлшерлерін зерттеген кезде жыныс бойынша (р=0,001) және ДСИ (р=0,04) айырмашылық анықталды. АСТ/АЛТ жоғары орташа мөлшерлері әйелдермен салыстырғанда еркектерде жиірек кездесті. АСТ/АЛТ жоғары көрсеткіштері артық салмағы мен семіздігі бар пациенттерде жиірек кездесті. APRI index орташа мөлшерлерінің айырмашылығы тек ДСИ топтарында анықталды (р=0,03). APRI index жоғарғы көрсеткіштері жиі артық салмақ пен семіздік кезінде кездесті. АСТ/АЛТ қатынасы бойынша бауырдың фиброз түзілу қауіп факторларының таралуын зерттеген кезде бауырдың фиброз даму мүмкіндігі әйелдермен салыстырғанда еркектерде 1,82 есе жоғары болды (р=0,001). Сонымен қатар АСТ/АЛТ қатынасының мәліметтері бойынша бауыр фиброзының даму мүмкіндігі артық салмақ пен семіздік кезінде жоғарлады (р=0,04). Ал FIB-4 Score орташа мөлшерлері жыныс бойынша (р=0,02) және 2 типті ҚД бар пациенттерде (р=0,006) айырмашылығы болды.
Тұжырымдар: Осылайша, созылмалы панкреатиті бар пациенттерде ACT/АЛТ, APRI index, FIB4 Score диагностикалық инвазивиялық емес индекстерді тәжірибеде қолдану бауырдың фиброз түзілуін ерте анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: панкреатит, стеатоз, бауыр фиброзы, ACT/АЛТ, APRI index, FIB4 Score.
Көрген адамдардың саны: 39
Библиографиялық сілтемелер
Шаханова А.Т., Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш., Шаханов Т.Е., Муздубаева Ж.Е., Узбеканова А.К., Козыбаева А.Ж., Байбакирова Я.Е., Ахан А.Н. АСТ/АЛТ, APRI index, FIB4 Score инвазивті емес индекстердің көмегімен сүлелі панкреатиті бар науқас адамдарда бауыр фиброзының түзілуін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 7-15. doi 10.34689/SH.2024.26.3.001Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ