Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ
Кіріспе. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастар өмір сүру сапасына әсер ететін себептерді зерттеп, оңалтудың ұтымды жолдарын анықтауға болады. Мақсаты. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын зерттеу. Зерттеу материалы және әдістері. Зерттеу дизайны – проспективті көлденең зерттеу. «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің гастроэнтерологиялық бөлімінде 2022 – 2023 ж.ж. аралығында созылмалы панкреатитпен емделген 159 науқастарға әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Науқастардың медициналық, әлеуметтік сипаттамасын анықтау үшін арнайы сауалнама құрастырылды. Науқастардың өмір сүру сапасын бағалау үшін SF-36 сауалнамасы қолданды. Науқастардағы күйзеліс, уайымшылдық деңгейін зерттеу үшін стандартты сауалнамалар колданылды (Бектің күйзеліс шкаласы, Спилберг сауалнамасы). Зерттеу нәтижелерінің статистикалық сараптауы SPSS бағдарламасы 20.0 ұсынысын қолданып жүргізілді, p<0.05 болғанда нәтижелер статистикалық айқын саналды. Нәтижелері. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы физикалық (40,14±8,25), психикалық (44,85±8,75) компоненттер бойынша төмендеген. Өмір сүру сапасының «рөлдік физикалық қызмет» (46,04±19,23), «рөлдік эмоциялық қызмет» (49,49±19,58) көрсеткіштері бойынша нашарлауы науқастар өмір сүруінің жайсыздығын аңғартады. Науқастардың өмір сүру сапасының жеке көрсеткіштеріне жасы, жынысы, әлеуметтік статусы, физикалық белсенділігі, аурудың өршуі және ұзақтығы, дәрігерлер бақылауы, қосымша аурулары және психологиялық статусының әсері анықталды. Қорытынды: Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын 60 және одан үлкен жасы, мүгедектік, жұмыссыздық, төмен физикалық белсенділік, қосымша майлы гепатоз, өт–тас ауруы, холецистит, семіздік, күйзеліс, уайымшылдық, аурудың жиі өршуі және 10 жылдан астам ұзақтығы, дәрігерлер бақылауында болмауы айтарлықтай нашарлатады. Түйінді сөздер: созылмалы панкреатит, өмір сүру сапасы.
Көрген адамдардың саны: 43

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:

Библиографиялық сілтемелер

Ахметов А.Ж., Булегенов Т.А., Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Колядо В.Б., Байбусинова А.Ж., Жусупов С.М., Масалов А.Е., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 24-33. doi 10.34689/SH.2024.26.3.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев