СИМПАТИКАЛЫҚ ГИПЕРАКТИВАЦИЯ КЕЗІНДЕ β-АДРЕНОБЛОКАТОР МЕТОПРОЛОЛДЫҢ, АМФ ЖӘНЕ АДЕНОЗИННІҢ МЕТАБОЛИТИКАЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ
Өзектілігі: Қазіргі уақытта кардиологияда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің адекватты әдістерін жасау үшін симпатикалық гиперактивация кезінде байқалатын бейімделу процестерінің бұзылу механизмдерін анықтау өте маңызды. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, миокардтың ишемиясы жүректе адреналиннің мөлшері жоғарылауымен қатар жүреді. Миокард ишемиясының аумағында оның концентрациясы фондық мәліметтермен салыстырғанда 1,5 -2 есе, ал жүректен алыс аумақтарда – 1,4-1,6 есе артық болады. Сонымен қатар бүйрек үсті бездерінде адреналиннің мөлшерінің күрт төмендеуі байқалады. Бұл жүрек бұлшық етіндегі адреналиннің бүйрек үсті безілік табиғаты бар екенін дәлелдейді [2].
Зерттеу мақсаты: Пуринды нуклеотидтер метаболиттерінің (АМФ және аденозин) және селективті β1-адреноблокатор метопрололдың симпатикалық гиперактивация кезіндегі әсерін зерттеу.
Материалдары мен әдістері. Зерттеулер дене салмағы 225 (95% СА:203-238) грамм болатын, 3-3,5 айлық, аталық 160 ақ егеуқұйрықтарға жүргізілді. Жануарлар 3 серияларға бөлінді. Негізгі зерттеу әдістері: Глутатионредуктаза (ГР) және глутатионпероксидазаның (ГПО) белсенділігі С.Н. Власова және авторлар әдісі бойынша анықталды. Биохимиялық зерттеу әдістері қолданылды. Ақуыздың сандық мөлшері Lowry әдісі бойынша анықталды. Фосфор қышқылының мөлшері калибровкалы сызық бойынша есептелді. Аденозинмонофосфатдезаминазаның (АМФ-дезаминаза) және аденозиндезаминазаның белсенділігін С.О. Тапбергенов әдісімен анықталды. МДА мөлшерін анықтау Uchiyama M., Mihara M. әдісі бойынша, диенді коньюгаттарды анықтау В.Б. Гаврилов және авторлар әдісі бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері. Адреналин тәрізді, метопролол, лейкоциттердің, лимфоциттердің жалпы санының арттырады, Т-супрессорлар, НСТ санын төмендетеді. Қан сары суында гиперадреналинемия AMPD, AD, 5’H және ГПО белсендірілуін тудырады, ДК деңгейін жоғарылатады. Қан сары суында AD белсенділігінің біршама жоғарылауы салдарынан «В» коэффициенті (AD/АМPD белсенділігінің қатынасы) артады. Осыған дейін анықталғандай, «В» коэффициентінің жоғарылауы симпатикалық гиперактивация кезінде иммунитеттің Т- и В-бөліктерінің функционалды өзара байланысының күшеюін дәлелдейді. Адреналин тәрізді, кардиоселективті 1-блокатор метопролол, қан сары суында AMPD, AD және 5’H ферменттерінің белсендірілуін тудырады, В коэффициенті және ДК деңгейін жоғарылатады, бірақ адранелиннен ерекшелігі, метопролол ГПО және каталаза белсенділігін төмендетеді және МДА деңгейін азайтады.
Қорытынды. Алынған мәліметтерді сараптау симпатикалық гиперактивация кезінде, жүректе β1-адреноблокаданың да, көрсетілген дозада жануарларға АМР пен аденозинді енгізудің де пероксидация процесін азайтатынын және соған адекватты түрде антиоксидантты қорғау ферменттерінің белсенділігін төмендететіні туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: адреналин, АМФ, аденозин, β1-блокатор метопролол, глутатионпероксидаза, каталаза, аденозиндеаминаза, АМФ деаминаза, 5-нуклеотидаза
Көрген адамдардың саны: 31
Библиографиялық сілтемелер
Советов Б.С., Олжаева Р.Р., Смаилов Н.С., Кайрханова Ы.О., Муртазина Д.Д., Сыдыкова К.Т., Динжуманова Р.Т., Абылгазинова А.Ж. Метаболические эффекты β-адреноблокатора метопролола, АМФ и аденозина при симпатической гиперактивации // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (3). С. 63-72. doi 10.34689/SH.2024.26.3.007Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ