РЕАКТИВТІ АРТРИТ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДАҒЫ АҒЗА МИКРОБИОМЫ
Кіріспе. Реактивті артритте (РeA) әсіресе балаларда аурудың даму қаупі де, нәтижесі де негізінен дененің бастапқы күйіне байланысты. Ағзаның микробиомының күйі потенциалды нәтижемен байланысты және коррекция жасауға мүмкін компоненттердің бірі болып табылады.
Мақсаты:Реактивті артрит ағымының сипатын диагностикалауды және аурудың кейінгі болжамын жақсарту.
Материалдар мен әдістер:Көлденең клиникалық зерттеу 2019-2022 жж. аралығында Семей медицина университетінің университеттік ауруханасының клиникалық базасында жүргізілген. Зерттеу тобын 6 - 18 жас жас аралығындағы 288 бала құрады. Негізгі топқа РеА-пен ауыратын 146 бала кірді. Зерттеу әдістеріне диагностикалық және емдеу хаттамасына сәйкес балаларды кешенді тексеру, хроматография-масс-спектрометрия әдісімен ішек микробиомының құрамын зерттеу және статистикалық әдістер кірді.
Зерттеу нәтижелері: Зерттеу нәтижесінде микробиомның құрылымында және оған байланысты параметрлерде айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Атап айтқанда, РeA жағдайында, популяциялық топпен салыстырғанда, 13-18 жас аралығындағы топта ең көп таралған облигатты микроорганизмдер құрамының төмендеуі және резиденттік микроорганизмдердің, микроскопиялық саңырауқұлақтардың және әдетте кездеспейтін организмдердің құрамының жоғарылауы анықталды.
Қорытынды: Зерттеу барысында қабылданған әдіспен анықталған ағза микробиомында РеА болған кезде бұзылулардың болуы анықталды. Резидентті микроорганизмдердің жалпы құрамының төмендеуі және өтпелі және қалыпты кездеспейтін микроорганизмдердің көбеюі байқалады.
РеА-пен ауыратын балалардағы клиникалық көріністің фонында микробиоманың құрамындағы елеулі өзгерістер анықталды, бұл қабыну процесінің сипатына әсер етті, аурудың ұзағырақ ағымымен сипатталды. Аурудың көрсеткіштері тек клиникалық түрде ғана емес, сонымен қатар зертханалық мәліметтер бойынша да сақталды
Түйін сөздер: реактивті артрит, балалар, микробиом, хроматография-масс-спектрометрия.
Көрген адамдардың саны: 180
Библиографиялық сілтемелер
Тугелбаева A.M., Иванова Р.Л., Макашева Ш.Е., Лобанов Ю.Ф. Реактивті артрит және балалардағы ағза микробиомы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 23-30. doi 10.34689/SH.2024.26.4.003Ұқсас жариялымдар:
GENETIC VARIANTS IN LIPID-ASSOCIATED GENES IN THE KAZAKHSTANI COHORT WITH ATHEROSCLEROSIS AND HYPERTRIGLYCERIDEMIA
CLONAL HEMATOPOIESIS WITH INDETERMINATE POTENTIAL IN TET2 AND DNMT3A AMONG KAZAKHSTANI INDIVIDUALS WITH ATHEROSCLEROTIC DISEASE
PRELIMINARY ANALYSIS AND ASSESSMENT OF THE HEALTH STATUS OF THE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION, LIVING IN THE BESKARAGAI DISTRICT OF THE ABAY REGION
PRELIMINARY ANALYSIS OF THE HEALTH STATUS AND RADIATION DOSES OF RESIDENTS OF THE ABAY DISTRICT OF THE ABAY REGION, WHO ARE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION DUE TO NUCLEAR WEAPONS TESTS
ASSOCIATION BETWEEN EXPOSURE TO IONIZING RADIATION AND THE DEVELOPMENT OF CARDIOVASCULAR DISEASES: A LITERATURE REVIEW