АЛҒАШ РЕТ АНЫҚТАЛҒАН КӨМІРСУ АЛМАСУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ФОНЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ КОРОНАРЛЫҚ СИНДРОМЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯЛАР ЖАҒДАЙЫ
Кіріспе. Халықаралық қант диабеті федерациясының (IDF) мәліметтері бойынша 2021 жылы қант диабетімен ауыратындар саны 536,6 миллион адамды, ал диабеталды жағдай саны 464 миллион адамды құрады [2]. Қант диабеті - жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастарда жиі кездесетін ілеспелі аурулардың бірі. 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда ЖИА жиілігі ~21% құрайды, ал жедел коронарлық синдромы (ЖКС) бар науқастар арасында ҚД жиілігі 25-30% аралығында ауытқиды [3, 4].
Мақсаты. Алғаш анықталған көмірсу алмасуының бұзылы фонында ЖКС бар науқастардың коронарлық қан тамыр жүйесінің жағдайын бағалау.
Материалдар мен тәсілдер. Анамнезінде көмірсулар алмасуының бұзылысы (КАБ) жоқ жедел коронарлы синдромымен 200 науқастарда сандық, көлденең қималық зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша науқастар 3 топқа бөлінді: ҚД2 бар, диабеталды жағдай және КАБ жоқ - бақылау тобы. Статистикалық талдау IBM SPSS Statistics 23 статистикалық бағдарламасы арқылы орындалды. Параметрлік және параметрлік емес статистика әдістері қолданылды. Топтар арасындағы айырмашылықтар p<0,05 кезінде статистикалық маңызды деп саналды.
Нәтежиелер. Қаралған пациенттердің 63%-да КАБ анықталды. Көп тамырлы коронарлық зақымданулар КАБ бар емделушілер тобында айтарлықтай жиірек болды (81,48%) және ҚД 2 тип бар науқастарда 44,44% және диабеталды жағдай 37,03% құрады.
Қорытындылар. Біздің зерттеуіміз КАБ коронарлық артериялар ауруы үшін ауыр қауіп қатер факторы екенін растады. Диабеталды жағдай және ҚД 2 жүрек-қан тамырлары асқынуларының дамуында маңызды болжаушылар болып табылады.
Түйінді сөздер: жедел коронарлық синдром, миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, қант диабеті, диабеталды жағдай, коронарангиография.
Көрген адамдардың саны: 328
Библиографиялық сілтемелер
Казарян С.У., Базарбекова Р.Б., Джунусбекова Г.А., Досанова А.К., Кайнарбекова Н.Б. Алғаш рет анықталған көмірсу алмасу бұзылыстары фонындағы жедел коронарлық синдромы бар науқастардың коронарлық артериялар жағдайы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 16-24. doi 10.34689/SH.2024.26.5.002Ұқсас жариялымдар:
GENETIC VARIANTS IN LIPID-ASSOCIATED GENES IN THE KAZAKHSTANI COHORT WITH ATHEROSCLEROSIS AND HYPERTRIGLYCERIDEMIA
CLONAL HEMATOPOIESIS WITH INDETERMINATE POTENTIAL IN TET2 AND DNMT3A AMONG KAZAKHSTANI INDIVIDUALS WITH ATHEROSCLEROTIC DISEASE
PRELIMINARY ANALYSIS AND ASSESSMENT OF THE HEALTH STATUS OF THE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION, LIVING IN THE BESKARAGAI DISTRICT OF THE ABAY REGION
PRELIMINARY ANALYSIS OF THE HEALTH STATUS AND RADIATION DOSES OF RESIDENTS OF THE ABAY DISTRICT OF THE ABAY REGION, WHO ARE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION DUE TO NUCLEAR WEAPONS TESTS
ASSOCIATION BETWEEN EXPOSURE TO IONIZING RADIATION AND THE DEVELOPMENT OF CARDIOVASCULAR DISEASES: A LITERATURE REVIEW