Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ РАДИОЙОДҚА ТӨЗІМДІ САРАЛАНҒАН ОБЫРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: АЛДЫН АЛА НӘТИЖЕЛЕРІ
Кіріспе. Қалқанша безінің қатерлі ісігі әлемдік статистикаға сәйкес, қатерлі ісік ауруларының ішінде жетінші орында тұр. Радиоактивті йодты қолдану арқылы қалқанша безінің обырын емдеу қалқанша без тінінің қалдықтарын және I131 жинақталатын ықтимал ісік ошақтарын тиімді түрде жояды. Айта кететін жағдай, кейбір науқастарда емделген күннің өзінде, аурудың одан әрі өршіп кетуі мүмкін. Радиойодқа төзімді сараланған қалқанша безінің қатерлі ісігі – емдеу мүмкіндіктері шектеулі, ерте анықтау дәрігерлердің басты мақсаты болып табылатын күрделі қатерлі ісік түрі болып табылады. Зерттеудің мақсаты. Қалқанша безінің жоғары сараланған обыры бар науқастардағы радиойодқа төзімділіктің клиникалық ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеудің материалдары мен әдістері. Зерттеудің дизайны - ретроспективті зерттеу. 2023 жылдың қаңтар және желтоқсан айлары аралығында Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығының радионуклидті терапия бөлімшесінде емделген Қазақстан бойынша барлық науқастардың деректер базасы жасалды. Зерттеу аясында 445 ауру тарихы талданды. Олардың ішінен Epi Info v5.5.15 бағдарламалық құралының көмегімен 229 науқастың репрезентативтік үлгісі таңдалды. Бұл үлгі 50% күтілетін жиілікпен және 5% қателік шегімен жоғары сенімділікке ие (97%). Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары. Зерттеу нәтижесінде 229 науқастың 9,4%-ы радиойодты терапияға төзімділік белгілерін көрсетті. Нәтижесінде радиойодқа төзімділігі бар науқастардың 4,5% жергілікті рецидив аймақтарында радиоактивті йодтың қабылданбағанын көрсетті. 81% науқас емдеуден кейін ісіктің құрылымдық прогрессиясын көрсетті. Сондай-ақ, науқастардың 9%-ында радиойодты терапия алғанына қарамастан, ремиссия белгілерінсіз ісіктің болуын көрсетті. Сонымен қатар, 4,5% жағдайда «радиоактивті йодпен ОФЭКТ/КТ және 18F-FDG-мен ПЭТ-КT нәтижелері бойынша I131 қабылдау арасындағы сәйкессіздікті» көрсетті. I131 терапиясына генетикалық факторлардың әсерін түсіндіру үшін науқастардың радиойодты терапияға төзімділігін зерттеуді жалғастыру маңызды. Бұл көрсеткіштерді алдағы уақытта зерттеу өзекті болып қала береді және терең талдауды қажет етеді. Түйінді сөздер: Қалқанша безінің жоғары сараланған обыры, радиойодты терапия, радиойодқа төзімділік, молекулалық-генетикалық зерттеу.
Көрген адамдардың саны: 7

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:

Библиографиялық сілтемелер

Рахманкулова А.М., Пак Л.А., Румянцев П.О., Пивина Л.М., Есболатова Н.С., Болсынбекова С.О., Сейтханова Д.M., Бактияр А.C., Бауржан А.Б., Жарлыганова Д.С. Қалқанша безінің радиойодқа төзімді сараланған обырының клиникалық ерекшеліктері: алдын ала нәтижелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 25-32. doi 10.34689/SH.2024.26.5.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев