СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕ ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ ТҮЙІНДІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖИІЛІК КЕЗДЕСУІ
Актуальность. Бұл жұмыста 2018-2022 жылдар аралығында Семей өңірі тұрғындары арасында сауалнама нәтижесінде қалалық емханалар мен Семей қаласындағы медициналық мекемелерде анықталған қалқанша безінің түйінді жаңа түзілістерінің көрсеткіштері ұсынылған. Қазақстан аумағы, әсіресе бұрынғы Семей ядролық полигонына жақын орналасқан Семей өңірі радиациялық фон жағынан қолайсыз екені белгілі, бұл онкологиялық аурулардың, оның ішінде қалқанша безі қатерлі ісігінің өсуіне әсер етті.
Зерттеудің мақсаты 2018-2022 жылдар аралығында Семей өңірі тұрғындары арасында қалқанша безінің түйінді түрлерінің жиілігін зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Бірмезгілдік көлденең эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді. Жұмысты орындау үшін Семей қаласындағы қалалық емханалар мен медициналық мекемелерде сауалнама жүргізілді. Зерттеуге 2018-2022 жылдар аралығында Семей өңірінде тіркелген қалқанша безінің түйінді жаңа түзілістерінің барлық 912 жағдайы енгізілді. Диффузды-түйінді зоб, көптүйінді зоб, АИТ (аутоиммунды тиреоидит) аясындағы түйінді зоб, кистозды-коллоидты зоб диагнозымен анықталған түйінді жаңа түзілістердің жиілігі талданды. Статистикалық талдау мен мәліметтерді өңдеу Excel және SPSS 20 бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды. Мәліметтер сипаттамалық статистика әдістерін пайдалана отырып сипатталды: сандық деректер үшін орталық тенденцияны (орташа) және оның дисперсиясын (стандартты ауытқу), сапалық деректер үшін абсолюттік жиіліктер мен олардың пайыздық көрсеткіштерін бағалау.
Нәтижелер. 2018-2022 жылдар аралығында жүргізілген зерттеу нәтижесінде Семей өңірінде қалқанша безінің түйінді түрлерінің жиілігінің артуы анықталды. Радиациялық қауіпті аймақтардан келген науқастар саны ең жоғары болды. Қалқанша безінің түйінді түрлері басқа түрлерге қарағанда жиі анықталып, орта жастағы әйелдерде көбірек кездеседі. Осы аймақтағы қалқанша безі патологиясының өсуі науқастардың жалпы денсаулығына, еңбекке қабілеттілігіне және өмір сүру сапасына әсер етеді.
Түйінді сөздер: Семей қаласы, түйінді түзілім, зоб.
Көрген адамдардың саны: 309
Библиографиялық сілтемелер
Еспенбетова М.Ж., Бидахметова А.М., Баймуханова А.А., Крыкпаева А.С., Уашева Л.Б. Семей өңірінде қалқанша безінің түйінді формаларының жиілік кездесуі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 41-46. doi 10.34689/SH.2024.26.5.005Ұқсас жариялымдар:
GENETIC VARIANTS IN LIPID-ASSOCIATED GENES IN THE KAZAKHSTANI COHORT WITH ATHEROSCLEROSIS AND HYPERTRIGLYCERIDEMIA
CLONAL HEMATOPOIESIS WITH INDETERMINATE POTENTIAL IN TET2 AND DNMT3A AMONG KAZAKHSTANI INDIVIDUALS WITH ATHEROSCLEROTIC DISEASE
PRELIMINARY ANALYSIS AND ASSESSMENT OF THE HEALTH STATUS OF THE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION, LIVING IN THE BESKARAGAI DISTRICT OF THE ABAY REGION
PRELIMINARY ANALYSIS OF THE HEALTH STATUS AND RADIATION DOSES OF RESIDENTS OF THE ABAY DISTRICT OF THE ABAY REGION, WHO ARE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION DUE TO NUCLEAR WEAPONS TESTS
ASSOCIATION BETWEEN EXPOSURE TO IONIZING RADIATION AND THE DEVELOPMENT OF CARDIOVASCULAR DISEASES: A LITERATURE REVIEW