Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОПУЛЯЦИЯДАҒЫ АНКИЛОЗДАУШЫ СПОНДИЛОАРТРИТ АҒЫМЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ТИЕСІЛІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өзектілігі. Анкилоздаушы спондилоартрит (АС) – көбінесе ер адамдарда анықталатын біліктік қаңқаның және илеосакральды буындардың созылмалы жүйелі қабыну ауруы. Дегенмен, соңғы жарияланымдарға сәйкес, әйелдер арасында ауруға шалдығудың жоғарылауы анықталды. Сондықтан науқастардың жынысына байланысты аурудың фенотиптік ерекшеліктерін зерттеу қазіргі ревматологияның өзекті мәселесі болып табылады. Мақсаты: қазақстандық популяциядағы анкилоздаушы спондилоартритпен ауыратын науқастарда аурудың ағымының гендерлік ерекшеліктерін зерттеу. Әдістері: Бізбен Астана қалалық №2 көп бейінді ауруханасының емдеу-диагностикалық орталығының базасында АС диагнозы верифицирленген 70 адамға обсервациялық аналитикалық бір мезгілдік көлденең зерттеу жүргізілді. Зерттеуге енгізілген барлық бақылаудағы адамдар ревматологпен қаралды, оның барысында шағымдар, өмір және ауру тарихы жиналды және BASFI, BASMI, BASDAI, ASDAS индекстерді қолдану арқылы физикалық тексеру жүргізілді. Жалпы қан анализінің, АЛТ, АСТ, жалпы ақуыз, креатинин, холестерин, глюкоза және CРА анықтау арқылы биохимиялық қан анализінің зертханалық зерттеулері жүргізілді. HLA B27 бар-жоғын анықтау үшін генетикалық зерттеу жүргізілді. Өлшемдердің статистикалық талдауы IBM SPSS Statistics 21 software бағдарламалық құралын пайдалану арқылы жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес жүргізілді. Нәтижелері: Біз зерттеген үлгінің салыстырмалы талдауы топтың жынысы бойынша бөлінуіне байланысты жүргізілді. Анкилоздаушы спондилоартрит ұзақтығында статистикалық маңызды айырмашылықтар болды, ол ерлер арасында 2 есе ұзағырақ болды. Аурудың асқынған сатысы ер адамдарда айтарлықтай жиі кездесетіні анықталды. Дегенмен, аурудың соңғы сатысы жиі әйелдер арасында жоғары болды. ASDAS шкаласына сәйкес анкилоздаушы спондилоартрит диагностикасының кешігуі және аурудың ұзақтығы аурудың белсенділігімен, BASMI индексіне сәйкес омыртқаның және жамбас буындарының қозғалғыштығының нашарлауымен, сондай-ақ қабынудың зертханалық маркерлерімен корреляциялық байланыста екенін көрсететіні анықталды. Қорытындылары. Сонымен, әйелдердегі АС-ның гендерлік ерекшеліктерін зерттеу жоғары қызығушылық тудырады және жалпы ауруды диагностикалауды жақсарту мақсатында және терапияны уақтылы бастау үшін, анкилоздаушы спондилоартрит асқынуларын алдын алу шараларын енгізуде, әйелдерде уақтылы диагностикалауға қосымша зерттеулерді қажет етеді. Түйінді сөздер: анкилоздаушы спондилоартрит, фенотиптік ерекшеліктері, клиникалық ағымы.
Көрген адамдардың саны: 79

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:

Библиографиялық сілтемелер

Абуова А.С., Мейрамова Ә.М., Абдахина Б.Б., Бокаева А.А., Цой Т.Т., Бикташев Д.Б., Айнабекова Б.А. Қазақстандық популяциядағы анкилоздаушы спондилоартрит ағымының гендерлік тиесілілігіне байланысты ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 99-107. doi 10.34689/SH.2024.26.5.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев