КЕСАРЬ ТІЛІГІ ЖИІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕНДЕТУ МҮМКІНДІКТЕРІН ІЗДЕУ ҮШІН РОБСОН КЛАССИФИКАЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Мақсаты. Акушерлік стационарлардың жұмысын талдауда Робсон әдісін қолдана отырып, оны төмендету мүмкіндіктерін іздеу үшін кесарькесарь тілігі жиілігінің көрсеткішін бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Ретроспективті зерттеу "Астана медицина университеті" КЕАҚ «№2 акушерлік және гинекология» кафедрасының және "Семей медицина университеті" КЕАҚ Павлодар қаласы филиалының «Акушерлік және гинекология» кафедрасының клиникалық базаларында жүргізілді.
2023 жылдың 4 тоқсанында Астана қаласының №1 КҚА (ММ А) бойынша 3087 босану тарихы және Павлодар қаласының №1 ПОПО (ММ Б) бойынша 1022 босану тарихы талданды. Деректер MS Excel 2017 бағдарламасында алдын ала өңделген. Статистикалық нәтиже үшін студенттің Т-критерийі қолданылды.
Нәтижелер. MМ A және Б бойынша босану саны сәйкесінше, 3087 және 1022 құрайды. ММ А – да босану арасындағы кесарь тілігінің үлесі 23,94%, ал ММ Б - 22,31% құрайды. Босанудың жалпы саны-4109.
Зерттеу барысында ММ А-да келесі топтар мен іштоптар кесарь тілігінің жалпы жиілігіне ең үлкен үлес қосқаны анықталды: 5а-158( 21,21%); 5б– 130 (17,45%); 10– 78 (10,46%); 4б-76( 10,20%), сондай-ақ 2а және 2б – сәйкесінше, 68 және 63 (9,13% және 8,46%).
Абдоминальды жолмен босану жиілігі бойынша ММ Б-да кесарь тілігінің жалпы жиілігіне ең көп үлес қосқан топтар мен іштоптар: 5б (27,19%); 5а (15,79%); 2а (7,89%); 6 және 10 (әрқайсысы 7,46%).
Қорытынды. Астана қаласының №1 КҚА-ның акушерлік блогында 3, 6 және 7-ші топта кесарь тілігі жиілігінің салыстырмалы түрде төмен көрсеткіштері атап өтілді, бұл медициналық қызметкердің таза жамбаспен келу жағдайында босандыру дағдыларының жетік меңгергендіктерін көрсетеді. Б мекемесі үшін бұл топтар сыртқы акушерлік бұрылысты жүргізу және таза жамбаспен келу жағдайында босандыру дағдыларын үйрету арқылы кесарь тілігі жиілігін төмендетуге арналған резерв болып табылады.
Астана қаласының №1 КҚА-ның акушерлік блогында 4б - 10,20% (2,19%) және 5 - 21,21% (15,79%) топтарында кесарь тілігінің салыстырмалы жоғары жиілігі босану индукциясының тиімділігіне аудит жүргізу арқылы абдоминальді жолмен босануы жиілігін төмендету резерві болып табылады. 5-топта медициналық ұйым босану саясатын табиғи жолмен босандыруға бағыттай отырып қайта қарау қажет.
Түйінді сөздер: Робсон әдістеме, кесарь тілігі, босану индукциясы, босанған әйелдер, босану, төмендету резерві.
Көрген адамдардың саны: 189
Библиографиялық сілтемелер
Акылжанова Ж.Е., Танышева Г.А., Гасанова Э.З., Билялова Г.Т., Нурмагамбетова Д.М., Ахметова А.Б., Сулейменова Ә.С., Ұлан С.М., Нурмахан Н.С. Кесарь тілігі жиілігінің көрсеткішін бағалау және оны төмендету мүмкіндіктерін іздеу үшін Робсон классификациясын қолдану // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 121-128. doi 10.34689/SH.2024.26.5.016Ұқсас жариялымдар:
GENETIC VARIANTS IN LIPID-ASSOCIATED GENES IN THE KAZAKHSTANI COHORT WITH ATHEROSCLEROSIS AND HYPERTRIGLYCERIDEMIA
CLONAL HEMATOPOIESIS WITH INDETERMINATE POTENTIAL IN TET2 AND DNMT3A AMONG KAZAKHSTANI INDIVIDUALS WITH ATHEROSCLEROTIC DISEASE
PRELIMINARY ANALYSIS AND ASSESSMENT OF THE HEALTH STATUS OF THE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION, LIVING IN THE BESKARAGAI DISTRICT OF THE ABAY REGION
PRELIMINARY ANALYSIS OF THE HEALTH STATUS AND RADIATION DOSES OF RESIDENTS OF THE ABAY DISTRICT OF THE ABAY REGION, WHO ARE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION DUE TO NUCLEAR WEAPONS TESTS
ASSOCIATION BETWEEN EXPOSURE TO IONIZING RADIATION AND THE DEVELOPMENT OF CARDIOVASCULAR DISEASES: A LITERATURE REVIEW