Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ПОСТ-COVID-19 СИНДРОМЫ: СИМПТОМДАР МЕН ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
Өзектілігі. Ұзаққа созылған COVID немесе пост-COVID-19 синдромы алдымен әлеуметтік қолдау топтары арасында, содан кейін ғылыми және медициналық қоғамдастық арасында кеңінен танылды. Бұл ауру толық зерттелмеген, сонымен қатар ол аурудың ауырлық дәрежесінің барлық деңгейінде COVID-19 кейін тірі қалған адамдарға, тіпті жас ересектерге, балаларға және госпитализацияланбаған науқастарға да әсер етеді. Көптеген зерттеулерде бойынша жиі кездесетін белгілері – тез шаршау және еңтігу, бұл белгілер COVID-19 ауырып болғаннан кейін де бірнеше ай бойы жалғасады. Шолудың мақсаты. Пост-ковидтік синдромның даму белгілері мен қауіп факторлары бойынша заманауи және сәйкес зерттеулер туралы деректерді шолу. Ізденіс стратегиясы. Жүйелі іздеу тілдік шектеулерсіз PubMed/MEDLINE, The Cochrane Library, Web of Science Core Collection, Google/Google Scholar дерекқордың құрылған уақытынан бастап және таңдалған әдебиет тізімдерінде жүргізілді. COVID-19 диагнозы расталғаннан кейін кемінде 12 аптадан кейін адамдардың жағдайы бағалаған және шаршау, когнитивтік бұзылулар, қабыну параметрлері немесе функционалдық бұзылу нәтижелері туралы арнайы хабарланған бастапқы зерттеу мақалалары таңдалды. Соңғы 5 жылдағы зерттеу тақырыбы бойынша бірқатар түпнұсқа мақалалар мен шолулар талданған, бұл 2019-2024 жылдар аралығы. Негізгі кілт сөздер пайдаланылды: Жедел COVID-19 асқынулары, жедел COVID-19 кейінгі пост-COVID-19 синдромы, ұзаққа созылған COVID-19, созылмалы COVID-19. Әдебиеттік шолу 2786 зерттеуді берді, оның ішінде 89 зерттеу таңдалды. Нәтижелер. Пост-COVID-19 синдромы COVID-19 әсер ету кезінде немесе одан кейін пайда болатын, 12 аптадан астам сақталатын және баламалы диагнозбен түсіндірілмейтін клиникалық белгілер мен симптомдардың сақталуымен анықталады. Симптомдар ауытқуы немесе өршуі мүмкін. Бұл гетерогенді ауру, ол вирустан кейінгі созылмалы шаршау синдромын, көп ағзалардың зақымдануын және қарқынды терапиядан кейінгі ауыр госпитализацияның салдарын қамтиды. Жеңіл немесе орташа ауырлықтағы COVID-19 ауруынан аман қалғандардың 10-65%-ында 12 апта немесе одан да көп уақыт бойы пост-коронавирустық синдром белгілері байқалады. Алты айдан кейін науқастар орташа есеппен 14 тұрақты симптомдар туралы хабарлайды. Ең жиі кездесетін белгілер - шаршау, ентігу, зейіннің, концентрацияның, есте сақтаудың және ұйқының бұзылуы, мазасыздық пен депрессия. Негізгі биологиялық механизмдер белгісіз, дегенмен аномальды немесе шамадан тыс аутоиммундық және қабыну реакциялары маңызды рөл атқаруы мүмкін. Қорытындылар. Covid-19 инфекциясының жаһандық пандемиясы науқастардың өмір сүру сапасын төмендететін және көптеген ағзалардың зақымдануымен жүретін созылмалы Covid-19 ауруының пайда болуына әкелді. Ұзақ созылған ковид инфекциясы ғылым мен медицина ғалымдарының назарын аударатын маңызды мәселеге айналды. Covid жұқтырғандардың тек 10 пайызында ғана ұзаққа созылған ковид дамиды деп болжасақ, бұл бүкіл әлем бойынша 5 миллионға жуық адам ұзаққа созылған ковидтен зардап шегеді дегенді білдіреді. Бірақ бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Бұл шолуда ұсынылған ақпарат, басқа әдебиеттерде кеңінен қол жетімді емес, ұзаққа созылған COVID-ті одан әрі зерттеу үшін бастапқы нүкте болып табылуы мүмкін. Түйінді сөздер: Жедел COVID-19 асқынулары, жедел COVID-19 кейінгі пост-COVID-19 синдромы, ұзаққа созылған COVID-19, созылмалы COVID-1.
Көрген адамдардың саны: 100

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:

Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов А.А., Жуманбаева Ж.М., Кайрханова Ы.O., Досбаева А.Д., Крыкпаева А.С., Серикбаев А.С., Амренова К.Ш., Сеиткабылов А.А., Кудайбергенов Р.Н. Пост-COVID-19 синдромы: симптомдар мен қауіп факторлары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 129-140. doi 10.34689/SH.2024.26.5.017

Авторизируйтесь для отправки комментариев