БАЛАЛАРДА ӨКПЕ ҚУЫСЫН ДРЕНАЖДАУ ҮШІН ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
Біз Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне 03.05.2016 жылғы № 97674 патент алдық, ол балаларда өкпенің жедел бактериалық деструкциясында дамыған пиопневматоракста ( ӨЖБД ) өкпе қуысын дренаждау кезінде тиімділігін көрсетті. Торакоцентез жасау үшін конюласы мен стилеті 90 градуста доға тәрізді иінделген троакар- тескіш қолданылды. Троакардың стилетінің үші конус тәрізді үшкір және өткір болып келеді. Доға тәрізді иілген канюля арқылы дренажға арналған түтікті жоғары қарай еш қиындықсыз кеуде қуысыныңдағы қабырға бойымен апикалды бағытта қажетті ұзындықта орналастырылады. Ал стилеттің конус тәрізді үшкір және өткір ұшы жүмсақ тіндер мен қан тамырларын жарақаттаудың алдын ала отырып, операция жасау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Құрылғы 27 науқасқа қолданылып оң нәтежеге қол жеткіздік, тек 1 науқаста түтікше төңірегінде жарада іріңдеу байқалды. Операцияның орташа уақыты 10-12 минут. Операцияны жалпы тәжрибелік дәрігерлер тез игеріп алады.
Көрген адамдардың саны: 190
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Месова А.М., Санбаев М., Темирханова Р.Б., Юрковская О.А., Танышева Г.А., Попович Ю.Г. Балаларда өкпе қуысын дренаждау үшін жаңа құрылғыны қолдану // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 219-224. doi 10.34689/SH.2024.26.6.024Ұқсас жариялымдар:
EXTRAPULMONARY TUBERCULOSIS IN A KAZAKH PATIENT WITH MIXED CONNECTIVE TISSUE DISEASE. СLINICAL CASE
THE EFFECT OF STEROID THERAPY ON BONE TISSUE IN RHEUMATIC DISEASES (DESCRIPTION OF A CLINICAL CASE)
A CLINICAL CASE OF ECHINOCOCCOSIS OF THE SPINE
DRUG-INDUCED LIVER DAMAGE. CLINICAL CASE
КЛИНИЧЕСКОЕ НАБЛЮДЕНИЕ БОЛЕЗНИ БЕХЧЕТА У ЖЕНЩИНЫ 36 ЛЕТ