Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АНАБОЛИКАЛЫҚ АНДРОГЕНДІК СТЕРОИДТАРДЫ БАҚЫЛАУСЫЗ ПАЙДАЛАНУ – ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
Кіріспе. Бұл шолу әуесқой-спортшылар арасында анаболикалық андрогендік стероидтарды (AAС) бақылаусыз қолдануға арналған. Қазіргі уақытта AAС медициналық мақсатта емес, спорттық көрсеткіштерді жақсарту үшін көбірек қолданылуда, сондықтан AAС-ті бақылаусыз қолдану халықтың денсаулығының өсіп келе жатқан проблемасы болып саналады. Көптеген зерттеулер AAС-ды медициналық себептеріне емес қолдану физикалық және психикалық денсаулықтың күрделі проблемаларына әкелетінін көрсетеді. Әр түрлі тиісті зерттеулердің нәтижелері ұсынылады. Мақсаты: ААС-дің әсер ету механизмдеріне және ААС-ді пайдалану / теріс пайдаланумен байланысты жағымсыз әсерлерге қатысты мәселелерді қамту үшін әдебиет деректеріне талдау жүргізу. Материалдар мен зерттеу әдістері: Ғылыми басылымдарды кілт сөздері негізінде (анаболикалық андрогендік стероидтар, допинг, тыйым салынған тізім, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік) MEDLINE, UptoDate, Google Scholar, Cyberleninka веб-ресурстар және e-library электронды жүйелерінде әдебиетті іздеу және оларға талдау жүргізілді. Әрі қарай талдау үшін таңдалған барлық мақалалардың ішінен критерийлерге сәйкес келетін және ақпараттың қайталануын немесе қайталануын болдырмайтын 55 дереккөзі ғана қарастырылды. Зерттеу нәтижелері: Шолудың нәтижелері бойынша, рекреативті спортында допингтің таралуы жыл сайын әлемде артып келе жатқаны аңықталды. Шет елдерде жүргізілген зерттеулерге сәйкес профилактикалық шаралардың және әуесқой-спортшылар арасында допингтік препараттарды қолдану деңгейінің төмендеуін қажеттілігі аңықталды. Қорытынды: Зерттеулер бойынша, ААС-ды ұзақ уақыт бойы дұрыс қолданбау және теріс пайдалану жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, олардың кейбіреулері тіпті өлімге әкелуі, әсіресе жүрек-қан тамырлары жүйесіне, себебі олар кенеттен жүрек өлімі, миокард инфарктісі, бауырдың уытты зақымдануы, репродуктивті жүйенің бұзылуы қаупін арттыруы мүмкін. Осыған байланысты, AAС-ті бақылаусыз қабылдау қоғамдық денсаулық сақтау проблемасы болып саналады. Сол себептен диагностикалық, терапиялық және профилактикалық мақсатта тұрғындар мен медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру қажет.
Көрген адамдардың саны: 5


Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Нысанбаева К.С., Глушкова Н.Е., Абдулла В.А., Бакашева М.К. Анаболикалық андрогендік стероидтарды бақылаусыз пайдалану – қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23). Б. 52-61. doi:10.34689/SH.2021.23.3.006

Авторизируйтесь для отправки комментариев