ТІЗЕ ҮСТІ СҮЙЕГІ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРУ
Зерттеудің мақсаты: тізе үсті сүйегінің көлденең сынықтарының оперативтік ем түрлерін салыстыру.
Материалдар мен тәсілдер: Зерттеудің дизайны: бақыланушы клиникалық зерттеу. Зерттеу жұмысы 2015-2018 жылдар аралығында Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасының клиникалық базасында жүргізілді. Зерттеуге тізе үсті сүйегі сынған 48 науқас қатысты, оның ішінде 33 ер адам (73,3%) және 15 әйел (26,7%) 18 жастан асқан (ең үлкен науқас жарақат алған кезде 77 жаста болған). Топтағы орташа жас мөлшері 48,0 ± 4,4 жасты құрады. Жүргізілген емге байланысты барлық науқастар 2 топқа бөлінді: негізгі топ және салыстыру тобы. Бірінші топқа 24 науқас кірді - 16 ер адам және 8 әйел, екіншісі - 17 ер адам және 7 әйел. Таңдалған топтардың орташа жасы да айтарлықтай ерекшеленбеді - сәйкесінше 48,3 ± 4,6 және 47,7 ± 4,3. Негізгі топта емдеу сүйек арқылы остеосинтездің жетілдірілген әдісімен жүргізілді.
Статистикалық талдау параметрлік әдістердің көмегімен жүргізілді (Student t-критериі). Егер t-критериі вариация қатарының қалыпты таралмауына байланысты қолданылмаса, бутстрап әдісі қосымша қолданылды.
Зерттеу нәтижелері: Жараның инфекциялаунымен байланысты асқынулар тек ашық хирургиялық остеосинтез кезінде 3 науқаста байқалды, оның ішінде операциядан кейінгі жараның ұзақ жазылуы қайтадан оталық емді қажет ететін терең инфекцияның дамуымен байланысты болды.
Сынық бөлітерінің екінші реттік орнынан жылжуы негізгі топта тек бір жағдайда, ал салыстыру тобында екі жағдайда болды. Салыстыру тобындағы екі науқасқа да қайталама ота жасау қажет болды.
Жарақаттан кейінгі ауыр дәрежедегі артриттің клиникалық көріністерін аз кездесті - әр топта бір жағдай. Алайда, нәтижесінде тізе буынының контрактуралары салыстыру тобындағы үш науқаста және тек негізгі топтағы біреуінде дамыды. Жалпы топтағы асқынудың жалпы деңгейі 12,5%, салыстыру тобында 41,7% құрады (айырмашылық 3,33 есе, -2 = 5,38, p = 0,040). Бұл асқынулар негізгі топтағы екі науқаста (8,3%) және салыстыру тобындағы алты науқаста (25,0%) дамыды. Бұл көрсеткіштің айырмашылықтары 3 есе болды (-2 = 5.03, p = 0.044). Салыстару тобында ашық, батырмалы остеосинтез әдісі қолданылды.
Топтар арасындағы айтарлықтай айырмашылық амбулаториялық емдеу ұзақтығында анықталды (остеосинтезді қамтамасыз ететін металл құрылғыны алып тастағаннан кейін науқасты оңалту қажеттілігіне байланысты екі есеге жуық). Стационарлық емдеу ұзақтығының айырмашылығы негізгі топтың пайдасына 71,4% құрады. Екі жағдайда да бұл айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан маңызды болды (p <0.001).
Қорытынды: Тізе үсті сүйегі сынықтарының сүйек арқылы остеосинтез әдісін остеосинтездің ашық әдістерімен салыстыра отырып, асқынулардың жалпы жиілігін төмендетуге болады.
Көрген адамдардың саны: 7
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Манарбеков Е.М., Абишева А.С., Дюсупов А.А., Манарбекова Т.М., Мукашева М.М., Габдуллина Г.С., Ван О.Т. Тізе үсті сүйегі сынықтарын әр түрлі емдеу әдістерімен салыстыру // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23). Б. 87-93. doi 10.34689/SH.2021.23.3.010Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ