Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
НЕСЕП-КӨПІРШІКТІ АУЫРУ СИНДРОМЫНДА U. E. STUDER ӘДІСІ БОЙЫНША ОРТОТОПИЯЛЫҚ ҚУЫҚТЫҢ ИНТРАКОРПОРАЛЬДІ ҚАЛЫПТАСУЫМЕН ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ЦИСТЭКТОМИЯНЫ ОРЫНДАУДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Жұмыстың мақсаты: Қуық безінің ауырсыну синдромы бар науқасты емдеуде ортотопиялық қуықты U.E. Studer әдісі бойынша интракорпоральды түзілуінде лапароскопиялық цистэктомияны сәтті қолданылу барысындағы клиникалық жағдайды ұсыну. Материалдар және әдістер: Операцияның барлық кезеңдері интракорпоральды түрде жүргізілді. Бірінші кезеңде лапароскопиялық гистерэктомия жасалды. Жатырды іш қуысынан алып тастағаннан кейін қуықтың алдыңғы қабырғасы бойымен мобилизация жүргізілді. Белгіленген шекара бойында резекцияланған жіңішке ішек аппараттық тігіспен тігіліп, кесіледі. Мобилизацияланған сегмент үздіксіз Rocco Stitch тігісін қолдана отырып урогенитальды диафрагмаға бекітіліп бүкіл ұзындығы бойынша ашылды. Келесі сатыда энтероцистоурэтро-анастомоз үздіксіз тігісті қолдану арқылы қалыптастырылды. Жасанды ішек резервуарына No20 фолей уретриялық катетері орнатылды. Нәтижесі: Қуық безінің ауырсыну синдромы кезінде U.E. Studer әдісі бойынша зәрді бөлу әдісі бүйрек функциясын сақтауға, ішектің мальабсорбциясын болдырмауға және пациентті әлсірететін ауырсыну синдромынан босатуға ықпал етті. Қорытынды: U. E. Studer әдісі бойынша қуықты ауыстыру - цистэктомия кезінде зәрді бұрудың ең перспективалы ортопедиялық әдістерінің бірі болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 3


Мақалалар санаты: Клиникалық жағдай

Библиографиялық сілтемелер

Касымов Б.Г., Муратов Т.М., Искаков Е.А., Абдикаримов А.М., Омарбаев Р.Т., Тургунбаев Т.Н., Ермаганбетов Е.М., Ахметкалиев Д.А., Ахметжанова Д.И., Куандык Н.С., Абу А.Б. Несеп-көпіршікті ауыру синдромында U.E. Studer әдісі бойынша ортотопиялық қуықтың интракорпоральді қалыптасуымен лапароскопиялық цистэктомияны орындаудың клиникалық жағдайы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23). Б. 171-178. doi 10.34689/SH.2021.23.3.021

Авторизируйтесь для отправки комментариев