Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
РАДИАЦИЯ ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАНӨКПЕЗАҚЫМДАНУЛАРЫ.ӘДЕБИЕТТЕРГЕШОЛУ
Мұрааттағы мақалаларды қарау
Кіріспе. Көптеген радиациялық жағдайлар кезінде туындайтын өкпенің жасуша мен тін деңгейіндегі морфологиялық зерттеулердің сан алуан нәтижелері бар екеніне және бронх–өкпелік аурулар саны жоғарылауының жедел мен кейінгі кезеңдердегі ішкі мен сыртқы сәулелеу дозаларының мөлшерімен байланысын бағалаудағы мәліметтің бар болуына қарамастан, қазірге дейін өкпелік бұзылыстардың γ– мен нейтрон сәулелері әсерімен байланысы аяғына шейін зерттелмеген, аңғарылған дерттің сипатына радиациялық ықпалдың ұзақтығы мен дозалық жүктеменің мәні де толықтай дәлелденбеген, сонымен қатар олардың өкпеге зақымдаушы әсерінің морфогенезі жайлы жүйелік ақпараттың жоқтығы да күмән тудырмайды. Әдеби шолудың мақсаты – радиацияның түрлі деңгейі мен типтерінің әсері кезінде өкпедегі морфофункционалды бұзылыстардың сипаты туралы ғылыми әдебиеттерді талдау. Материалдар мен әдістер. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін ғылыми жарияланымдар табылып, талқыға салынған. Әдеби шолуды іске қосуға ұсынылған барлық жұмыстар «Google Scholar» ғылыми іздеу жүйесі арқылы PubMed, Medline, E–library, Cyberleninka базаларында индекстелген. Таңдау алдында келесі шарттар ескерілген: ағылшын, жапон және орыс тілдерінде жарияланған соңғы 10 жыл ішіндегі тышқандар мен егеуқұйрықтарға жасалған эксперименттік зерттеулер, сонымен қатар айқын мәлімделген және статистика тұрғысынан дәлелденген қорытындылары бар мақалалардың толық ақпараты қолданылған. Әдеби шолу кезінде баяндамалар тұжырымдары, газет мақалалары мен жеке іс ақпараттары қажет емес жарияланымдар ретінде қолданылмаған. Нәтижелер. Әдеби мәліметтерді талдау радиация әсерінен туындаған өкпе зақымдануларының ателектаздар мен дәнекер тіндік организациясы дамуын тудыратын бронх бүліністерін, эпителий десквамациясымен көрінетін серозды–фибринозды альвеолитпен, эндотелий пролиферациясымен және плазма нәруыздары шығуына алып келетін қантамыр қабырғасы өткізгіштігі жоғарылауымен анықталатын қантамыр бұзылыстарымен сипатталатынын көрсетті. Жедел қабынулық–инфильтрациялық пневмонитті және созылмалы фиброздаушы пневмонитті тудыратын өкпедегі қабынулық пен фиброздық үрдістердің қалыптасуын жүзеге асыратын патогенездік механизмдер ретінде радиациялық фактор әсерінен дамитын екіншілік иммундық тапшылықты жағдайлардың болып табылатынын айта кеткен жөн. Қорытынды. Алынған нәтижелер иондаушы сәулелердің өкпе зақымдануларының бір түрі болып табылатын радиациялық–индукцияланған пневмонит пен өкпе фиброзына тән морфологиялық белгілердің дамуындағы рөлін дәлелдейді. Бұл белгілер сәуленің дозасы мен түріне байланысты туындайды. Радиология саласындағы көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сай нейтронды сәулелердің өкпеге әсерін бағалаудағы ортақ көзқарастардың қалыптаспағаны анықталды. Демек, радиобиологтар мен морфологтарға нейтронды сәулелердің әсерінен туындайтын өкпедегі құрылымдық өзгерістер деңгейін бағалау мен салыстыру ықпалын қарастыруға арналған зерттеулерді жалғастырудың өзектілігі еш күмән тудырмайды. Бұл әр түрлі иондаушы сәулелер әсеріне ұшырағандардың өкпесін зерттеу кезіндегі диагностикалық нышандарды құрастыру мүмкіндігін туғызады.
Көрген адамдардың саны: 634

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Узбекoв Д.Е., Хоши М., Чайжунусова Н.Ж., Шабдарбаева Д.М., Саякенoв Н.Б. Радиационно–индуцированные повреждения легких. Обзор литературы / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 6. С. 160-178. Uzbеkоv D.E., Hоshi M., Chaizhunusova N.Zh., Shаbdаrbаеvа D.M., Sayakenov N.B. Radiation–induced lung injury. Literature review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 6, pp. 160-178. Узбекoв Д.Е., Хоши М., Чайжунусова Н.Ж., Шабдарбаева Д.М., Саякенoв Н.Б. Радиация әсерінен туындаған өкпе зақымданулары. Әдебиеттерге шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 6. Б. 160-178.

Авторизируйтесь для отправки комментариев