Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ST СЕГМЕНТІНІҢКӨТЕРІЛУІМЕН ЖҮРЕТІН ЖЕДЕЛ МИОКАРД ИНФАРКТЫ КЕЗІНДЕГІ ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛЫҚАСҚЫНУЛАР ДАМУЫНЫҢҚАУІП ТОБЫН СТРАТИФИКАЦИЯЛАУ
Мұрааттағы мақалаларды қарау
Мақсаты: SТ сегментінің көтерілуімен болатын миокард инфаркты кезіндегі β-АРМ болжамдық рөлін зерттеу. Құралдар мен әдістер: ST сегментінің көтерілуімен жүретін миокард инфаркт бар әр түрлі ағымдағы 81 науқастардың эритроциттерінің мембрана β-адренорецепциясын (β-АРМ) зерттеу әдісі жүргізілді. «АРМ-АГАТ» (Мәскеу) диагностикалық реактивтер жинағын қолда на отырып, ағзадағы β-АРМ анықталады. Барлық науқастар 2 топқа бөлінді.Бірінші топты стационарда жатқан кезеңде және стационардан шыққаннан кейін асқынуы жоқ 49 науқас құрады, екінші топты жүрек қантамыр жүйесінің әр түрлі асқынқынулары бар 32 науқас құрады. Нәтижелері: ST сегментінің жоғарылауымен жүретін миокард инфаркты бар 2 топтағы науқастарда β-АРМ орташа жоғарлауы 29,9 ±1,24 ш.б. (шартты бірлікті) құрады. 1 топта β-АРМ орташа жоғарлауы 34,07 ±1,6 ш.б. құрады. 2 топта β-АРМ орташа деңгейі 23,5±1,31 ш.б. құрады (р<0,05), бақылау тобында 19,2 ±2,3 ш.б. (р<0,05) құрады. Алынған мәліметтер бойынша β-АРМ көрсеткіш көмегімен жедел ST сегментінің жоғарылауымен жүретін миокард инфаркты бар науқастарда, сырқат басталғаннан бастап 1 жыл бойы болжамдық мағынасы бар екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Жедел ST сегментінің жоғарылауымен жүретін миокард инфаркты бар науқастарда β-АРМ төмен көрсеткіштері жүрек-қантамырлық асқынуларының даму қаупіннің жоғары екендігін көрсетті. β-АРМ жоғары көрсеткіштері кезінде, керісінше қаупіннің төмен екендігін көрсетті. Қорытынды: Сонымен, ST сегментінің жоғарылауымен жүретін миокард инфаркты бар науқастарда β-АРМ мәні 20 ш.б. аз болса, жүрек-қантамырлық асқынулардың дамуында жағымсыз болжамның көрсеткіші болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 484

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Аймагамбетова А.О., Каражанова Л.К., Котляр А., Токбулатова М.О. Стратификации риска развития неблагоприятных сердечно-сосудистых событий при остром инфаркте миокарда с подъемом сегмента ST / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 5. С. 131-141. Aimagambetova A.О., Karazhanova L.K., Kotlyar A., Tokbulatova M.O. Stratifying the risk of adverse cardiovascular events in acute myocardial infarction with ST-segment elevation. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 131-141. Аймағамбетова А.Ө., Қаражанова Л.Қ., Котляр А., Тоқбулатова М.О. ST сегментінің көтерілуімен жүретін жедел миокард инфаркты кезіндегі жүрек-қантамырлық асқынулар дамуының қауіп тобын стратификациялау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 5. Б. 131-141.

Авторизируйтесь для отправки комментариев