ҰЛТЫОРЫС НАУҚАСТАРЫНЫҢ МИОКАРД ИНФАРКТЫ КЕЗІНДЕГІ ЦИТОКИНДЕР ГЕНІНІҢПОЛИМОРФИЗМЫ
Мақсаты: Ұлты орыс науқастарда ST сегментінің көтерілуімен жүретін жедел миокард инфаркты кезіндегі цитокиндердің (TNF-α, IL-10, IL-6) аллель турінің және генотиптерінің жиілігін қарайтын мақала болып табылады
Құралдар мен әдістер: Орыс ұлтты 41 (69.5 %) ер адамдармен 18 (30.5 %) әйелдерде цитокиндер полиморфизмын, генінің спецификалық бөліктерінің амплификация өнімдерін, рестриктивті анализ әдісімен зерттедік. Бақылау тобын 75 дені сау адамдар (орыс ұлтты донорлар) құрады. Барлығында гендердің TNF-альфа(G-308A), IL-10(G-1082A), IL-6(G-174C) промоторлы аймақтарының бір нуклеотидты SNP-полиморфизмі зерттелді. ST сегментінің көтерілуімен жүретін жедел миокард инфаркты диагнозы Европалық кардиологтары қоғамының классификациясына сай қойылған. Барлық науқастар 2 топқа бөлінді. Бірінші топты стационарда жатқан кезеңде және стационардан шыққаннан кейін асқынуы жоқ 34(57,6 %) науқас құрады - асқынған ағым, екінші топты жүрек қантамыр жүйесінің әр түрлі асқынқынулары бар 25 (42.4 %) науқас құрады - асқынбаған ағым.
Нәтижелері: Біздің жұмысымызда асқынған ағым тобында (OR=6.72, p<0.05) TNF-α генінің G-308A позициясында, гомозиготты генотиптің минорлы типтегі А/А ассоциациясы көрсетілген. Гомозиготалы генотиптің минорлы С/С түрінің IL-6 генінің G- 174C позициясы (OR=3,25 p<0.05) асқынған ағым тобымен ассоциацияланған. Ал ST сегментінің көтерілуімен жүретін жедел миокард инфарктының ағымына байланысты аллелдер жиілігі мен IL-10 генінің G-01082A генотиптері арасында анық айырмашылықтар анықталмаған.
Қорытынды: Қосымша зерттеулерден кейін цитокин гендерінің полиморфизмі орыс ұлтты ST сегментінің көтерілуімен жүретін миокард инфартымен науқастарының асқынған ағымын (Қазақстан Республикасы Шығыс - Қазақстан облысы) болжауға көмектесетін генетикалық қауіп факторы ретінде қарастыруға болады.
Көрген адамдардың саны: 480
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Аймагамбетова А.О., Каражанова Л.К., Котляр А., Токбулатова М.О. Полиморфизм генов цитокинов при инфаркте миокарда у лиц русской национальности / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 5. С. 121-130. Aimagambetova A.О., Karazhanova L.K., Kotlyar A., Tokbulatova M.O. Cytokine gene polymorphism with myocardial infarction in subjects of russian nationality. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 121-130. Аймагамбетова А.О., Каражанова Л.К., Котляр А., Токбулатова М.О. Ұлты орыс науқастарының миокард инфаркты кезіндегі цитокиндер генінің полиморфизмы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 5. Б. 121-130Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ