СЕМЕЙҚАЛАСЫНЫҢАТА-АНАЛАРДЫҢВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА КӨЗҚАРАСЫ: БІРМЕЗГІЛДЕКӨЛДЕНЕҢЗЕРТТЕУ
Кіріспе: Қазіргі заманда иммунопрофилактиканың тиімділігі көпжылдық әлемдік тәжірибиемен дәлелденген.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты Семей қ. ата-аналардың вакцинация өткізуге қөз-қарастарын зерттеу.
Зерттеу әдістері. Сауалнаманың негізгі сұрақтары халықаралық зерттеулер негізінде әзірленді. Сауалнаманың жауаптары келесі дәрежелерге бөлінді: толық келісу, ықтимал келісу, анық пікірі жоқ, ықтимал келіспеу және мүлдем келіспеу.
Сапалы деректерді сипаттау үшін жиілігі мен проценттер пайдаланылды. Жиіліктердің арасындағы айырмашылықтардың маңыздылығы туралы гипотезаны тексеру үшін Пирсон хи-квадрат (χ2) пайдаланылған.
Нәтижелер. Бул зерттеу кейбір ата-аналардың вакцинация өткізуге сақ екенін көрсетті, «Балалар қажетті вакцинация түрлерінен артық алады» деген сұраққа 50,5% (n=598) , анық пікірім жоқ деп жауап берді. 10,4% (n=123) көп вакцина салғаннан баланың иммунитеті төмендейтінің ойымдайтынын айтты. 20,0% (n=237) вакциналау ең қауіпсіз жұқпалы аурудан сақтайтын медициналық көмек екеніне күмәнданды. 10,1% (n=120) ата-аналар пікірінше вакцина енгізуіне қарағанда бала жұқпалы аурумен ауырып табиғи иммунитет әзірлеу дұрыс екенін санайды. 29,0% (n=343) ата-аналар дені сау балалар арасында иммунизация жургізу қажеттілігі туралы анық пікірі жоқ. 7,1% (n=84) сауалнамаға жауап бергендер егу пайдасына қарағанда зияны көп деп санайды. 61,9% (n=733) сауалнамаға жауап бергендер балаларға иммунизация жүргізу аурулардан қорғау үшін қажет деп есептейді.
Қорытынды. Біздің зерттеу вакцинация туралы халықтың төмен хабардар болу деңгейін көрсетті. Иммундауға жататын балалардың ата-аналары иммунитеттің қалай жұмыс істейтінің, қандай вакциналар пайдаланатыны, вакцинация кезіндегі нақты және нақты емес қатерлер бары жайлы толық өтілмейді. Сондықтан халықтың ақпараттандыруды арттыру үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану қажет.
Көрген адамдардың саны: 499
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Байбусинова А. Ж., Мусаханова А.К., Шалгумбаева Г.М. Отношение родителей к вакцинопрофилактике в городе Семей: одномоментное поперечное исследование / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 5. С. 111-120. Baibussinova A.Zh., Mussakhanova A.K., Shalgumbayeva G.M. Parents' attitudes to vaccination in Semey city: a cross-sectional study. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 111-120. Байбусинова А.Ж., Мусаханова А.К., Шалгумбаева Г.М. Семей қаласының ата-аналардың вакцинациялауға көзқарасы: бір мезгілде көлденең зерттеу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 5. Б. 111-120.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ