ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚОЗҒАЛЫСЫ АЗ ӨМІРСАЛТЫНЫҢ ТАРАЛУЫН ТАЛДАУ
Кіріспе. Қозғалысы аз өмірсалты жұптастырылған тәуекел фактор ретінде семіздікке, сондай – ақ, қант диабеті, жүрек-қан тамыр аурулары сияқты созылмалы жұқпалы емес аурулардың дамуына әкеледі. Көптеген мемлекеттерде қан айналым жүйесінің аурулары еңбекке жарамды халықтың арасында мүгедектіктің артуына және өлім себептерінің құрылымында жетекші орын алады. Қазақстан Республикасында, өзге аймақтардағы сияқты, берілген топтағы сырқаттанудың жасаруы байқалады. Бұл құбылыс халықтың арасындағы тәуекел факторының артуына байланысты болды.
Материалдар және әдістер: Біз Шығыс Қазақстан облысының 729 жасөспірім мектеп жасындағы оқушыларының аз қозғалысты өмір салтына тәуекел факторларымен байланысты қанайналым жүйесінің дерттерінің тарамдылығына көлденең зерттеу жүргіздік. Әлеуетті тәуекел факторларды бағалау балалық шақтағы семіздікті қадағалау Еуропалық бастамасы, ДДСҰ хаттамасының негізінде жасалды (Childhood Obesity Surveillance Initiative).
Нәтижелер: «Көшедегі күніне 1 сағаттан кем физикалық белсенділік» факторының үлес салмағы қыздар арасында айқын сирек кездесті 27,3% (95%СИ: 23,1-32,0), ұлдар арасында – 54,3% (95% СИ: 49,1-59,5) (χ2=0,209; D.f.=1; р>0,05). Спорттық немесе би үйірмесіне қатысу мүмкіндігі жиірек қала жасөспірімдерінде байқалды (χ2=21,3; D.f.=1; р<0,001). Қала жасөспірімдерінің тек 38,0% (95%СИ: 34,0-42,1) аптасына екі күннен аз спорттық секциялар немесе би үйірмелеріне қатысады. Ауыл жасөспірімдері жартысынан көп жағдайда – 57% (95%СИ: 54,0-61,1) мұндай мұмкіндігі жоқ. Көшедегі күніне 1 сағаттан кем физикалық белсенділік көрсеткіші төменгі кірісті отбасыдан шыққан жасөспірімдер арасында айқын сирек кездесті – 12,5% (95%СИ: 4,4-28,7), жоғары табысты отбасылармен салыстырғанда, мұнда респонденттердің жартысынан көбі осынша уақытты көшеде өткізбеген – 53,8% (95%СИ: 50,1-57,7), (χ2=20,91; D.f.=1; р<0,05).
Қорытындылары: Келешекте барлық салыстырып отырған топтарда, жұрыс-тұрысы аз өмір салтының тәуекел факторының қарқындылығы,қаң айналым дерттерінің дамуына қауып салдары болуы мүмкін. Бұл жағдай алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем көрсететің ұйымдардың және денсаулық сақтаудың мамандарына қауып дабыл болып келеді.
Көрген адамдардың саны: 481
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Турлыбекова К.Д., Рахыпбеков Т.К., Котляр А.А., Хисметова З.А., Глушкова Н.Е. Анализ распространенности малоподвижного образа жизни среди подростков Восточно-Казахстанской области / / Наука и Здравоохранение. 2016. №5. С. 142-149. Turlybekova K.D., Rakhypbekov T.К., Kotlyar A.А., Khismetova Z.А., Glushkova N.Е. Analysis of the prevalence of low physical activity among adolescents of the East Kazakhstan region. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 142-149. Турлыбекова К.Д., Рахыпбеков Т.К., Котляр А.А., Хисметова З.А., Глушкова Н.Е. Шығыс Қазақстан облысы жасөспірімдер арасында қозғалысы аз өмірсалтының таралуын талдау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №5. Б. 142.-149Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ