Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛҒЫШТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мұрааттағы мақалаларды қарау
Кіріспе: бүкіл әлемнің эксперименттік зерттеулерінде егеуқұйрықтардың белсеңділігін оқып білу кеңінен қолданылады. Бұл клиникалық зерттеулердің ажырамас бөлігі болып табылады. Белсеңділікті анықтаудың арқасында біз белгілі бір фармакологиялық агенттердің, қоршаған ортаның тірі ағзаның психо-эмоционалды жағдайына қалай әсерін тигізетінің анықтай аламыз. Мақалада егеуқұйрықтардың қозғалғыштығы туралы әдебиеттік шолу және өзіміз даярлаған зерттеме көрсетілген. Мақсаты: егеуқұйрықтардың қозғалғыштығын тәулік бойы қадағалайтын әдісті әзірлеу. Материалдар мен әдістер: қойылған мақсатқа жету үшін ақ зертханалық «Wistar» тұқымының он алты егеуқұйрықтарына эксперимент жүргізілді және сонымен қоса әдебиеттік шолу жасалында. Нәтижесі: біз әзірлеген әдістің көмегімен бокстарды тазалау және тамақтандыруға қажет уақытты санамағанда, сүтқоректілердің қозғалғыштығын тәулікке жуық уақыт аралағында қадағалай алдық. Ол үшін «Activity Sensor» аппаратын қолдандық. Оның құрамында инфрақызыл сәулелердің көмегімен егеуқұйрықтардың белсеңділігін анықтайтын тетік орналасқан. Деректер алдын ала осы аппаратқа жалғанған компьютерге жазылынып алынды. Қорытынды: эпидемиологиялық және эксперименттік зерттеулердің негізгі кезеңдерінің бірі – тірі ағзаның белсеңділігін анықтау болып саналады. Өйткені, осылай ғана біз белгілі бір фактордың оның психо-эмоционалдық күйіне қалай әсер еткенін анықтай аламыз.
Көрген адамдардың саны: 661

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Саимова А.Ж., Жумадилов К.Ш., Чайжунусова Н.Ж., Кайрханова Ы.О., Узбеков Д.Е., Степаненко В.Ф., Рахыпбеков Т.К., Хоши М. Методика определения локомоторной активности крыс / / Наука и Здравоохранение. 2016. №6. С. 89-97. Saimova A.Zh., Zhumadilov К.Sh., Chaizhunusоva N.Zh., Kairkhanova Y.O., Uzbеkоv D.Е., Stерanеnkо V.F., Rаkhyрbеkоv T.K., Hоshi M. Methods of determining the locomotor activity of rats. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 6, pp. 89-97. Саимова А.Ж., Жумадилов К.Ш., Чайжунусова Н.Ж., Кайрханова Ы.О., Узбеков Д.Е., Степаненко В.Ф., Рахыпбеков Т.К., Хоши М. Егеуқұйрықтардың қозғалғыштық белсенділігін анықтау әдістемесі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №6. Б. 89-97.

Авторизируйтесь для отправки комментариев