ЭРИТРОЦИТАРЛЫҚ ИЗОАНТИГЕНДЕРДІҢ БАУЫРЦИРРОЗЫНЫҢДАМУЫНАӘСЕРІ
манифестациясы, бауыр биопсиясының кемшіліктері біздің зерттеудің өзектілігін тудырады.
Зерттеудің мақсаты. Бауыр циррозы бар науқастың ұлттық белгiлерiне қарай эритроциттердің изоантигендік күйін аңықтау
Материалдар мен әдістер. Біз жеткілікті сенімділікпен қойылған бауыр циррозы диагнозы бар қазақ және орыс ұлтының 140 науқасында және 272 сау қатысушында венозды қанындағы эритроциттердің АВ0, MNS, P1, CDE жүйелерін зерттедік. Фенотиптік көріністерін жиілігін салыстыру үшін χ2 қолдана отырып, сонымен қатар бірлестіктің күшін анықтау мүмкіндік қатынасы (OR) мен 95% сенімді интервал көрсеткіштерін есептедік.
Нәтижелері. Ұлты қазақ науқастарда 0 (I) фенотипі (OR = 1.917, 95% CI 1,16-3,15) бақылаумен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып табылады. Сонымен қатар MN (OR = 2,86, 95% CI 1,74-4,70), D + (OR = 2,73, 95% CI 1,1- 6,86), CC (OR = 2,15, 95% CI 1,31 - 3,53), ее (OR = 1,85, 95% CI 1.1 - 3.15) фенотиптері бақылау тобымен салыстырғанда жоғары болды. Орыс науқастырының арасында А(II) фенотипін табу мүмкінділігі басқа фенотиптермен салыстырғанда жоғары болды (ОR=2,653, 95% CI 1,063-6,622, р<0,05), соңдай-ақ ММ (ОR=2,879, 95% CI 1,200-6,907), Сс (ОR=6,968, 95% CI 2,581-18,812) және Р1 (OR=3,352, 95% CI 1,383-8,126) фенотиптерін аңықтау мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары болды.
Қорытынды. Осылайша, біздің зерттеу қазақ ұлтында 0 (I), MN, D +, СС, ее изоантигендері, ал орыс науқастарында А (II), MM, CC, P1 фенотиптері бауыр циррозы пайда болуымен байланысты екенін анық көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 536
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Касым Л., Жумадилова З.К., Баркибаева Н.Р. Влияние эритроцитарных изоантигенов на развитие цирроза печени / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 5. С. 80-89 Kassym L., Zhumadilova Z.K., Barkibayeva N.R. Impact of erythrocytes’ antigens on development of liver cirrhosis. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 80-89 Касым Л., Жумадилова З.К., Баркибаева Н.Р. Эритроцитарлық изоантигендердің бауыр циррозының дамуына әсері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 5. Б. 80-89Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ