ГИПЕРГОМОЦИСТЕИНЕМИЯ ЖҮРЕК – ҚАНТАМЫРАУРУЛАРЫНЫҢҚАУІП-ҚАТЕРФАКТОРЫРЕТІНДЕ
Кардиоваскуляры ауру тұрғындар арасында өлім себептерінің ішінде бірінші орын алады. Осыған байланысты қаіп факторларын анықтау және жоюға бағытталған алдын-алу мәселесінің өзектілігі артуда, бұларға қандағы гомоцистеиннің мөлшерінің артуы жатады.
Соңғы жылдары қантамырлық және нейродегенеративті аурулар кезінде В тобының дәрумендерін қолдану мүмкіншілігі зерттелуде. Гипергомоцистеинемия дамуында негізгі фактор болып емдәм ерекшелігі және обсорбция бұзылысы нәтижесінен болатын организмдегі В6, В12, В9 дәрумендерінің жетіспеушілігі екендігі дәлелденген. В тобындағы дәрумендері қолдану қан құрамындағы гипергомоцистеинемияны төмендететіндігі дәлелденді. Гомоцистеинді теория негізінде атеросклероздың дамуы гипергомоцистеинемияның қан тамырларының татологияға әкелетіндігі ретінде түсіндіріледі. В тобындағы дәрумендері жоғары дозада қолдану атеросклероздың ерте кезеңіндегі өршуін айқын төмендететіні дәлелденген.
Мақалада гипергомоцистеинемияны жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары ретіндегі рөлі сипатталған. Бұл тұрғыда отандық және дәлелді шолу базалары зерттеулер жасалған. Соған байланысты аймақтық ерекшеліктерді және радиациялық факторларды ескере отырып нәтиже шығарылады.
Зерттеу мақсаты: Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары ретінде гипергомоцистеинемияны меңгеру туралы әдебиеттерді іздеу.
Құралдар мен әдістер: Қойылған мақсатқа жету үшін онлайн ресурстардан жүйелі түрде әдебиеттерді іздеу орындалды. Сонда 278 дерек көздері анықталды, соның ішінде келесі талдауды жасау үшін 63-і таңдалып алынды. Әдебиеттерді іздеуц барысында негізгі кілт сөз ретінде мына элементтерді қолданды: гомоцистеин, В тобындағы дәрумендер, фолий қышқылы, жүрек-қантамырлық қауіп.
Нәтижелер мен қорытындылар: Сонымен жоғарғі қауіп-қатер тобындағы науқастарға, ерте жүрек-қантамырлық жетіспеушілік ауруларына жеке отбасылық бейімділігі бар науқастар, сонымен қатар тамақтануы бұзылған,(төмендеген сіңірілу синдромы), гипотиреодизм, бүйрек жетіспеушілігі бар науқастар, жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқастар және никотин қышқылы, теофиллин, метотрексат, допамин сияқты дәрілік заттарды қабылдайтындар және азот оксидінің әсерінен шалдыққан науқастар жатады.
Көрген адамдардың саны: 473
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Каражанова Л.К., Жунуспекова А.С. Гипергомоцистеинемия как фактор риска сердечно-сосудистых заболеваний (Обзор литературы) / / Наука и Здравоохранение. 2016. №4. С. 129-144. Karazhanova L.K., Zhunuspekova A.S. Hyperhomocysteinemia as a risk factor of cardiovascular diseases (Literature review). Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 4, pp. 129-144. Қаражанова Л.Қ., Жүніспекова А.С. Гипергомоцистеинемия жүрек – қантамыр ауруларының қауіп-қатер факторы ретінде (Әдебиеттерге шолу) / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №4. Б. 129-144.Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW