Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МАКРОСОМИЯ ПРЕДИКТОРЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚМАҢЫЗЫ
Мұрааттағы мақалаларды қарау
Ұрықтың болжам салмағын және босану барысында асқынуларды анықтау ол әлі күнге дейін даудамалы сұрақ. Ірі ұрық кезінде және асқынуларды азайту мақсатымен қолайлы босануды жүргізу тактикасын таңдау үшін макросомияны пренатальды болжайтын нақты әдістер қажет. Зерттеудің мақсаты: Ультрадыбысты іш айналмасын өлшеу- макросомия предикторының диагностикалық маңыздылығын анықтау. Зерттеу әдістері мен материалдары: Зерттеу дизайны: УДЗ - скрининг. Негізгі топқа енді 147 ірі ұрықпен босану. Бақылау тобына таңдау «Рандомус- генератор случайных цифр» бағдарламасымен жүргізілді. Бақылау тобына 328 қалыпты босану еңгізілді. Статистикалық өңдеу SPSS бағдарламасымен , 20 нұсқасымен жүргізілді. Зерттеудің қорытындылары: Іш айналмасы (ІА), бипариетальды өлшем (БПӨ), сан сүйек ұзындығы (ССҰ) және туғандағы салмағы арасында (ТС) сызықтық тәуелділігін бағалау мақсатымен регрессионды анализ жүргізілді. Салыстырмалы болжамдық маңыздылығы тәуелсіз айнымалының - ІА ≥350 мм, статистикалық маңыздылығы бар, р=0,001деңгейінде. ССҰ және БПӨ айнымалыдарға – негізгі фетометриялық көрсеткіштер ұрық салмағын анықтауда , р келесі деңгейгейлерге 0,793 және 0,803 сәйкес, ол осы параметрлердің ұрық салмағын болжауда маңызы төмендігін көрсетеді. Сезімталдық = а / а + с = 125/147 = 85%, сынақ нәтижесі егерде ІА ≥ 350 мм, дүниеге келген баланың 85% дене салмағы 4000 граммнан астам болады деп көрсетеді. Ерекшелігі = D / A + D = 312/328 = 95%, 95% кірмейді, ол ірі ұрық жоқ әйелдер. Ұрықтың күтілетін салмағының диагностикалық дәлдігін бағалауы ІА өлшеуінде 350мм көп болғанда өте жоғары сезімтал және жоғары нақты әдісі болып табылады. Болжалды құны оң нәтижелі болды - 88,6%, және теріс нәтижесі болды- 93,4%. Қорытынды: Іш айналдыра ультрадыбыстық өлшеу ірі ұрықтың анықтауында ең ақпараттық болып табылады (р = 0,001). 95% ерекшелігін және сезімталдығы 85% ескере отырып, ІА ≥350 мм болғаны макросамияның предикторы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 560

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:

Библиографиялық сілтемелер

Танышева Г.А., Кинаятова Ш.К., Желпакова М.С., Курмангалиева Д.А., Сидорова О.Г. Диагностическая ценность предиктора макросомии / / Наука и Здравоохранение. 2016. №4. С. 84-92. Tanysheva G.A., Kinayatova Sh.K., Zhelpakova M.S., Kurmangaliyeva D.A., Sidorova O.G. Diagnostic value of macrosomia’s predictor. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 4, pp. 84-92. Танышева Г.А., Кинаятова Ш.К., Желпакова М.С., Курмангалиева Д.А., Сидорова О.Г. Макросомия предикторының диагностикалық маңызы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №4. Б. 84-92.

Авторизируйтесь для отправки комментариев