Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОЛИФЕРАТИВТІ ВИТРЕОРЕТИНОПАТИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ УЙЫМДАСТЫРУ
Мұрааттағы мақалаларды қарау
Кіріспе. Пролиферативті витреоретинопатиямен бірге жүретін торлы қабықтың тракциялық-перфоративті ажырауы торлы қабық ажырауының ең жиі кездесетін түрі. Аталған зерттеудің мақсаты осы патологиямен бірге кездесетін аурулардың құрылымын және хирургиялық емнің эффективтілігін талдау жүргізу болатын. Материалдар мен әдістер: дизайн бойынша зерттеу көлденең болатын. Зерттеу Қазақ Көз Аурулары Ғылыми Зерттеу Институты қабырғасында жүргізілді. Барлығы 10 жыл ішінде оперативті емдеуге жатқызылған 362 пациенттің деректері талданды. Деректерді статистикалық өңдеу SPSS (20.0. версия) программасында жүргізілді. Нәтижелері: соңғы 5 жылда аталған патлогияның өсуі байқалады (273 пациент - 75,4%). Миопия көздің негізгі қосалқы ауруы болды (144-39,8%), одан кейін - артифакия (98-27,1%) және торлы қабықтың перифериялық дегенерациясы (96-26,5%). Аталған науқастардың ішінде витреоретинальды хирургия оперативті араласудың негізгі түрі болды, бұл үрдістің ауырлығы мен асқынғандығын білдіреді (324-89,5%). Қорытынды. Пролиферативті витреоретинопатиямен бірге жүретін торлы қабықтың тракциялық - перфоративті ажырауының хирургиялық емдеу жүйесі, жалпы алғанда қанағаттанарлық, бірақ кейбір өзгерістерді қажет етеді. Офтальмологиялық көмектің біріншілік тармағы патологияның даму каупі бар науқастарды диспансерлік бақылау жүргізу қажет.
Көрген адамдардың саны: 493

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Байырханова А.О., Ботабекова Т.К., Семенова Ю.М., Енин Е.А., Кампик A., Асаинова М.С. Организация медицинской помощи больным с пролиферативной витреоретинопатией в Республике Казахстан / / Наука и Здравоохранение. 2016. №4. С. 66-73. Baiyrkhanova A.O., Botabekova T.K., Semenova Y.M., Yenin Ye.A., Kampik A., Asainova M.S. Provision of medical aid to the patients with proliferative vitreoretinopathy in the Kazakhstan Republic. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 4, pp. 66-73.. Байырханова А.О., Ботабекова Т.К., Семенова Ю.М., Енин Е.А., Кампик A., Асаинова М.С. Қазақстан Республикасындағы пролиферативті витреоретинопатиясы бар науқастарға медициналық көмекті уйымдастыру / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №4. Б. 66-73.

Авторизируйтесь для отправки комментариев