МИ ИНСУЛЬТІ БОЛҒАН НАУҚАСТАРДЫҢҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ КЕЗІНДЕ ТРАНСКРАНИАЛЬДІ МАГНИТТІ СТИМУЛЯЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Кіріспе. Ми инсульті бүкіл дүниежүзі мен Қазақстанда инвалидизацияның негізгі себебі болып табылады және тұрақты дезадаптацияны шақырады.
Зерттеудің мақсаты ерте қалпына келу кезіндегі ишемиялық инсульті бар науқастрадың реабилитациясы кезінде ТМС әсерін бағалау.
Әдістер. Экспериментальді рандомизирленген емес бақыланатын зерттеу.
Ерте қалпына келу кезіндегі ишемиялық инсульті бар 44 нақастар зерттелді. Зерттемелі топтағы науқастар (n=22 науқас) құрамына кинезотерапиямен емдік денешынықтыру, уқалау, магнитотерапия, Монтессори әдісі бойынша ұсақ моторикаға арналған жеке шұғылдану, «Neuro-MS/D» аппаратында бұлшықеттерді электростимуляциялау – сонын ішінде жоғары жиілікті ТМС (>5 ГЦ) жарақаттанбаған және төмен жиілікті ТМС (<1 ГЦ) жарақаттанған мижартысына /қозғалыс қыртысы мен орталық қатпары проекциясында/ кіретін қалпына келу курсын қабылдады. Бақылау топтағы науқастар (n=22 науқас) құрамына ТМС кірмейтін қалпына келу курсын қабылдады курс. Жүргізілген емдік-қалпына келтіру шараның әсерін бағалау үшін NIHSS шкаласы, Бартель индексі, Рэнкиннің инвалидтік шкаласы, бұлшықеттік қуат, MMSE шкаласы, «сағат салу» тесті қолданылды. Статистистикалық анализ Манн-Уитни өлшемін қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Нәтиже. NIHSS шкаласы бойынша (р=0,026), Бартель индексі бойынша (р=0,042), Рэнкиннің модифицирленген шкаласы бойынша (р=0,049), қол бұлшықетінің күші бойынша (р=0,040) және аяқ бұлшықетінің күші бойынша (р=0,021), MMSE шкаласы бойынша (р=0,007), «сағат салу» тесті бойынша (р=0,042) зерттелген топтағы науқастарда нақты жақсарулар анықталды. Бақылау топтағы науқаста статистикалық маңызы аз нәтиже бақыланды.
Қорытынды. Біз ТМС–нің қозғалыс дефицитіне, күнделікті белсенділікке, қазахстанды таңдамалы ишемиялық инсульті бар науқастардың когнитивті бұзылыс дәрежесіне оң әсері бар екендігін анықтадық.
Көрген адамдардың саны: 484
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Акимжанова А.К., Гржибовский A.М., Хайбуллин Т.Н., Изатуллаева Н.С., Гордиенко М.И., Акимжанов К.Д. Эффективность транскраниальной магнитной стимуляции в реабилитации пациентов с мозговым инсультом / / Наука и Здравоохранение. 2016. №4. С. 50-65. Akimzhanova A.K., Grjibovski A.M., Khaibullin T.N., Izatullayeva N.S., Gordienko M.I., Akimzhanov K.D. Effectifveness of transcranial magnetic stimulation in rehabilitation of stroke patients. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 4, pp. 50-65. Әкімжанова Ә.Қ., Гржибовский A.М., Хайбуллин Т.Н., Изатуллаева Н.С., Гордиенко М.И., Әкімжанов Қ.Д. Ми инсульті болған науқастардың қалпына келтіру кезінде транскраниальді магнитті стимуляцияның тиімділігі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №4. Б. 50-65.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ