Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ВАКЦИНОПРОФИЛАКТИКАНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕДЕРГІЛЕРІ, КӨЗ-ҚАРАС: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Мұрааттағы мақалаларды қарау

Кіріспе: Вакцинация ең тиімді және қаржы жағынан шығынсыз алдын-алу шарасы. Бұл талқыға салынбайтын және дәлелденген факт, бірақ барлық мемлекеттерде вакцинопрофилактикаға деген қарым-қатынас біркелкі емес. Даму барысындағы мемлекеттерге қарағанда дамыған мемелекеттерде вакцинация профилактикалық медицинаның бір бөгі болып табылады және вакцинамен алдын алуға болатын жұқпалы аурулар тізімі біршама артық.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты барлық мемлекеттерде вакцинопрофилактикаға деген қөз-қарасты, мәселелерін және кедергілерін жақын шет елдерде және Қазақстанда зерттеу.

Зерттеу әдістері. Әдебиетке шолу барысында вакцинопрофилактиканың мәселелері және кедергілері, яғни 2004 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі зерттеулер қарастырылды. Ғылыми мақалаларды әдебиетке қосу критериі вакцинопрофилактиканы жүргізуге көз-қарас, мәселелер мен кедергілерді зерттеу. Вакцинопрофилактика тақырыбына байланысты 122 мақалалар анықталды, оның ішінде 38 мақала біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсатына қатысты болды.

Нәтижелер. Қазіргі уақытта қоғамның вакцинациядан бас тарту мәселесі өзекті болып табылады. Алғашқы вакцина шыққанан кейін екпелердің қауіпсіздігін және тиімділігін талқыға салатын вакцинаға қарсы қозғалыс пайда болды. БДҰ сарапшылары айтуы бойынша вакцинаға қарсы адамдардың мәліметтері ғылыми дәлелденбеген. Вакцинацияға қарсы адамдардың кең таралған мәліметі – кейбір екпелерде әртүрлі улы заттардың болу мүмкіндігі, сонымен қатар сынап негізінде жасалған тиомерсал консерванты. Вакциналық консерванттардың (стандартты дозада колдануда) жүйелі түрде улы әсері туралы дәлелдеулер жоқ. Аутизмнің дамуы тиомерсалмен байланысы туралы дәлелдеулер табылған жоқ.

Қорытынды. Қазіргі уақытта қоғамның вакцинациядан бас тарту мәселесі өзекті болып табылады. Көптеген авторлар бұл мәселені шешудің әртүрлі жолдарын ұсынады, бірақ, өкінішке орай, қоғамның көз-қарасы бұл мәселеге біркелкі емес.

Көрген адамдардың саны: 3094


Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Байбусинова А.Ж., Мусаханова А.К., Шалгумбаева Г.М. Отношение, барьеры и проблемы вакцинопрофилактики в современном мире: обзор литературы / / Наука и Здравоохранение. 2016. №3. С. 123-134.

Baybussinova A.Zh., Musakhanova A.K., Shalgumbayeva G.M. Knowledge, attitude, barriers regarding vaccination current situation: review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 3, pp. 123-134.

Байбусинова А.Ж., Мусаханова А.К., Шалгумбаева Г.М. Қазіргі уақытта вакцинопрофилактиканың мәселелері және кедергілері, көз-қарас: әдебиетке шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №3. Б. 123-134.


Авторизируйтесь для отправки комментариев