СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ПЕРИНАТАЛЬДЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕДИКО-ГЕНЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША 2010 ЖЫЛДАН 2015 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫСЫ АРАЛЫҒЫНДА ТУА ПАЙДА БОЛҒАН АҚАУЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІНІҢ ТӨМЕНДЕУІ
Туа пайда болған даму ақаулары (ТПДА) – ағзалар мен жүйелердің генетикалық, сыртқы ортамен және мультифакториалды этиологиялармен шақырылған шектелген, жүйелі және көптік аномалиялардың болуымен көрініс беретін патологиялық жағдайлардың гетерогенді тобы [6]. ТПДА күрделі медициналық әлеуметтік мәселе болып табылады, ол перинаталды, нәресте өлімділігі (НӨ) және мүгедектенуінің құрылымында даму ақауларының салмағының жоғарылауымен түсіндіріледі. Нәрестелер арасында өмірдің бірінші жылында анықталған ТПДА жиілігі 5% жетеді [8]. ТПДА перинаталды өлімділік себебі құрылымында бастапқы орын алады.
Зерттеу мақсаты – Семей қ. ПО бекітілген Шығыс Қазақстан аймақтарындағы 2010 жылдан 2015 жылдың І жартысы аралығындағы ТПДА статистикалық мәліметтерді зерттеу.
Материалдар және әдістер: Семей қ. ПО бекітілген Шығыс Қазақстан аймақтарындағы (Семей қ., Курчатов қ., Абай, Аягөз, Уржар, Бесқарагай, Бородулиха аудандарында) 2010 жылдан 2015 жылдың І жартысы аралығындағы жүктілерге жасалынған УДЗ мәліметтері зерттелген. Біздің зерттеуде Қазақстан Республикасының Ұлттық Генетикалық Тіркеумен ұсынылғын ретроспективті мәліметтер зерттелініп, статистикалық және аналитикалық әдістер қолданылған болатын.
Зерттелінетін аймақтағы НӨ құрылымының анализі жасалды, ол үшін аталған көрсеткіштердің динамикалық затары құралып, жалпы туылу және и в структуре перинаталды өлімділік құрылымындағы ТПДА үлес көрсеткіштері анықталды.
Нәтижелер және оларды талқылау: жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2015 жылғы кейбір көрсеткіштердің 2010 жылмен салыстырғанда жақсаруы анықталды: эховизуаланатын ақау (ЭВА) жиілігі 45-тен 98% жоғарылады, элеменирленген ақау (ЭНА) мөлшерінің төмендеуі болды. ТПДА көрсеткіш құрылымында қан айналым жүйесі, орталық жүйке жүйесінің және хромосалық ақаулардың мөлшері азайды. Осы кезде сүйек-бұлшық ет жүйесінің өзге ТПДА жиілігінің жоғарылауы байқалады. Шығыс Қазақстан облысында жүрек және қан тамыр жүйесі (16,0%), зәр-жыныс жүйелердің (13,7%) ТПДА таралуының жоғары жиілігін тіркеді.
Библиографиялық сілтемелер
Маусымбаева Н.Б., Танышева Г.А., Курамова Г.Ю., Ларионова Ю.А., Саркучикова Г.Ж., Намазова А.Ж., Кенесары А.О., Курмангалиева М.З. Снижениe частоты врожденных пороков развития по данным медико-генетической службы Перинатального центра города Семей за 2010 - по I полугодие 2015 годы / / Наука и Здравоохранение. 2016. №3. С. 103-112.
Mausymbayeva N.B., Tanysheva G.A., Kuramova G.Y., Larionova Yu.A., Sarkuchikova G.Zh., Namazova A.Zh., Kenesary A.O., Kurmangaliyeva M.Z. Reduction of congenital malformation frequency according to the data of genetic service of Perinatal Center of Semey city from 2010 to the first half of 2015. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 3, pp. 103-112.
Маусымбаева Н.Б., Танышева Г.А., Курамова Г.Ю., Ларионова Ю.А., Саркучикова Г.Ж., Намазова А.Ж., Кенесары А.О., Курмангалиева М.З. Семей қаласының Перинатальды орталығының медико-генетикалық көрсеткіштері бойынша 2010 жылдан 2015 жылдың і жартысы аралығында туа пайда болған ақаулардың кездесу жиілігінің төмендеуі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №3. Б. 103-112.