МЕДИЦИНАЛЫҚАҚПАРАТТЫҚЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ХИРУРГИЯЛЫҚБӨЛІМҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢЖҰМЫСУАҚЫТЫНБӨЛУГЕСАЛЫСТЫРМАЛЫАНАЛИ
Емдеу мекемелерінің, соның ішінде хирургия бөлімінің қызметкерлерінің қызметін оңтайландыру денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Негізгі бағыттардың бірі медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен пайдалану арқылы жүзеге асырылатын ақпараттандыру бағыты болып табылады.
Зерттеу мақсаты – медициналық ақпараттық жүйелерді пайдалануды жүзеге асыратын және жүзеге асырмайтын хирургиялық бөлім қызметкерлерінің жұмыс уақытын бөлуге салыстырмалы анализ жасау.
Материалдар мен әдістері. Жұмыс барысында 74 хирург, оның ішінде 55-Семей қаласынан, 19-Павлодар қаласынан және хирургия бөлімінің 117(84-Семей, 33-Павлодар) орта медицина қызметкерлерінің жұмыс уақытына сауалнама мен мониторлау жүргізілді. Павлодар қаласының Облыстық кардиологиялық орталығында медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істеді. Түрлі категориядағы медицина қызметкерлерінің жұмыс уақытын бөлуге талдау жасалынды.
Зерттеу нәтижесі. Жұмыс уақытын бөлу құрылымында тікелей емдеу-диагностикалық қызметі басым болды. Бірақ уақыттың айтарлықтай бөлігі емдеу-диагностикалық үрдіспен байланысы жоқ іс-шараларды жүзеге асыру үшін қолданылды. Мұндай жұмыстардың негізгі элементі медициналық құжаттармен жұмыс болып табылады. Медициналық ақпараттық жүйені қолдану құжаттарды қағаз жүзінде өңдеуді 50% алмастырады және еңбек үрдісіндегі бұл элементке кететін уақытты орташа 6-8% төмендетеді. Нәтижесінде жұмыс күнінің еңбек жүктемесін адекватты бөлуді қамтамасыз етіп, жеке уақыттың ұзақтығын арттырады және оны тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Медициналық ақпараттық жүйені қолданушылардың жұмысында ешқандай проблемалар анықталған жоқ.
Қорытынды. Хирургия бөлімінің дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлерінің жұмыс уақытының айтарлықтай бөлігі медициналық құжаттарды қағаз жүзінде, ал МАЖ қолданған жағдайда электронды формада өңдеуге жұмсалады. МАЖ қолдану медициналық құжатты өңдеуді қызметкердің лауазымына байланысты 6-8% төмендетеді. Үнемделген уақыт емдеу-диагностикалық қызмет өнімділігін арттыруға, сондай-ақ демалыс уақытына пайдаланыладыБиблиографиялық сілтемелер
Баймаганбет Ж.Р., Алдынгуров Д.К., Бекбосынов А.Ж., Кусаинов А.А., Темиржанов М.Е., Куаныш Ж.А. Cравнительный анализ распределения рабочего времени у сотрудников отделений хирургического профиля при использовании медицинской информационной системы / / Наука и Здравоохранение. 2016. №2. С. 150-161.
Baymaganbet Zh.R., Aldyngurov D.К., Bekbosynov A.Zh., Kussainov A.A., Temirzhanov M.E., Kuanysh Zh.A. The comparative analysis of distribution of working hours at the staff of the surgical department using medical information system. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 2, pp. 150-161.
Баймаганбет Ж.Р., Алдынгуров Д.К., Бекбосынов А.Ж., Кусаинов А.А., Темиржанов М.Е., Куаныш Ж.А. Медициналық ақпараттық жүйелерді пайдалануды хирургиялық бөлім қызметкерлерінің жұмыс уақытын бөлуге салыстырмалы анализ жасау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №2. Б. 150-161.