Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕНКОЛЛЕДЖСТУДЕНТТЕРІНІҢСАЛАУАТТЫӨМІРСАЛТЫНҰСТАНУШЫЛЫҚ
Мұрааттағы мақалаларды қарау

Адам денсаулығы медициналық ғылым мен тәжірибенің шеңберінен шығатын заманауи қоғамның жаһандық мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары жастардың арасында сырқаттанушылықтың өсімі байқалады. Аталмыш тенденциясын бір себебі ретінде жастарда салауатты өмір салтын ұстану бойынша жеткілікті тәрбиенің және тәжірибенің жоқтығы қарастырылады. Жастар өз денсаулығына қанағаттанады және салауатты өмір салтын ұстануға дайын, бірақ салауатты өмір салтын ұстанудың жастарда жалпы мәдениеті қалыптаспаған.

Зерттеу мақсаты ерте жастық шақ кезеңдегі жастардың әлеуметтік және жеке аспектілерін зерттеу, орта мектептер мен колледждердің оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін факторлар мен шарттарды сараптау.

Материалдары мен әдістері. Семей қаласының мектептері мен колледждері оқушыларына сауалнама жүргізілді. Сауалнама және интервью арқылы беймазалық деңгейі, денсаулық жағдайының субъективті мәліметтері негізінде ерте жастық шақ кезеңіндегі жастардың салауатты өмір салтына берілгендігі зерттелді. Респонденттердің жалпы саны – 563. Топтарды салыстыруға Т-критерий қолданылды, тағайындау мүмкіншілігі x2 Пирсонның көмегімен анықталды.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеуде салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін 20 потенциалды фактор зерттелді. Соңында екі салыстырмалы топ мектеп оқушылары – 266, колледж- 297, келесі белгілер бойынша айырмашылықтар анықталды: жынысы, өмір сүру жағдайлары, тамақтану сапасы, салауатты өмір салтына көзқарасы, зиянды әдеттері, күнделікті таңертеңгілік гимнастика, бұрынғы жылдармен салыстырғандағы өміріндегі өзгерістер.

Салауатты өмір салтына көзқарасқа әсеріне әлеуметтік және психологиялық факторларын бағалауда Семей қаласы бойынша (563 респондент) ерте жастық шақ кезеңдегі барлық оқушылар жиынтығы қатысты. Келесі факторлар әсері анықталды: оқу орны,СӨС ­көзқарасы, темекі шегу, нашақорлық, спортпен айналысу, денсаулықты жыл сайын бақылау, физикалық белсенділік, еңбек пен тамақтану режимі, психологиялық әлеуметтік көмекке мұқтаждығы.  

Қорытынды. Жүргізілген әлеуметтік зерттеу мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің салауатты өмір салты факторлары туралы ақпараттанудың жақсы дәрежесін анықтады, бірақ салауатты өмір салтын ұстанудың төмен дәрежесін көрсетті. Бұл студенттердің өз денсаулығына және салауатты өмір салтына мотивацияның саналы көзқарасының жеткіліксіздігін, өз денсаулығына жауапкершіліктің төменгі дәрежесін көрсетеді.

Студенттік аудиторияның басым көпшілігі салауатты өмір салтын нығайту мен мотивациялау бойынша санитарлық ағарту жұмыстарының жалғасуына мұқтаж.

Көрген адамдардың саны: 871


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Танжарык А.К., Мысаев А.О., Жанатбекова А.К., Абдыгалиева К.М., Амангельды Н., Алдынгуров Д.К. Приверженность здоровому образу жизни учащихся средних школ и колледжей / / Наука и Здравоохранение. 2016. №2. С. 139-149.

Tanzharyk A.К, Myssaev A.О., Zhanatbekova A.К., Abdygalieva K.М., Amangeldy N., Aldyngurov D.К. Сommitment to healthy lifestyles of high school and college students. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 2, pp. 139-149.

Танжарык А.К., Мысаев А.О., Жанатбекова А.К., Абдығалиева Қ.М., Амангельды Н., Алдынгуров Д.К. Приверженность здоровому образу жизни учащихся средних школ и колледже / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №2. Б. 139-149.


Авторизируйтесь для отправки комментариев