Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СЕМЕЙ КАЛАСЫНЫҢМЕМЛЕКЕТТІКМЕДИЦИНАУНИВЕРСИТЕТІНІҢБІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА РЕФРАКЦИЯ АНОМАЛИЯСЫНЫҢТАРАЛУЫ
Мұрааттағы мақалаларды қарау

Өзектілігі: Миопия көз ауруларының ішінде дүние жүзі бойынша алдынғы қатардағы аурулардың бірі және көруді төмендететін себепкер болып табылады. Жастар арасында соның ішінде медициналық жоғарғы оқу орнында оқитын студенттер арасында миопияның кең таралуы өзекті мәселелердің бірі.

Материалдар мен әдістер: Дизайн–көлденең зерттеу. Іріктеу жалпылама (n=598 студенттер, 1195 көз).Рефракция аномалиясын анықтау мақсатында Семей қ. ММУ барлық 1 курс студенттер арасында (шет ел студенттерінен алынған жоқ) тексеру жүргізілді. Сапалы тексерістің статистикалық белгілері Хи-квадрат критерий көмегімен бағаланды.Статистикалық анализ SPSS20.0 бағдарламасы көмегімен жүргізілді.

Нәтижелер: Барлық студенттер арасында 272 (45,5%) рефракция өзгерісі анықталды: миопия –226 (37,7%) және гиперметропия - 46 (7,6%) (р<0,001). Студенттер арасында негізгі көрсеткіштерді қыздар құрады. Рефракция бұзылысын түзету мақсатында тек 187 (68,8%) студенттер көзілдірік немесе жанаспалы көз линзасын қолданады. Осыдан көру аппаратының асқынуына байланысты 173 (63,6%) студенттер шаршаңдылыққа, 132 (48,5%) студенттер–көздің қызаруына шағымданды.

Қорытынды: Медициналық жоғарғы оқу орнында студенттер арасында рефракция аномалиясының таралуы жоғары, әсіресе миопияның. Миопия таралуы Үндістан, Қытай, Тайван, Сингапур, Норвегия, Дания елдеріне қарағанда төмен, бірақ Түркия мен Польша елдерінен жоғары.

Көрген адамдардың саны: 1164


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кайыржанова Н.Б., Мысаев А.О., Тлеубаев К.А., Ахметова А.К. Распространенность аномалий рефракции у студентов первого курса Государственного медицинского университета города Семей / / Наука и Здравоохранение. 2016. №2. С. 129-138.

Kaiyrzhanova N.B., Myssayev A.О., Tleubaev K.А., Akhmetova A.К. The prevalence of refractive errorsamong the first-year students of Semey State Medical University. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 2, pp. 129-138.

Кайыржанова Н.Б., Мысаев А.О., Тлеубаев К.А., Ахметова А.К. Семей каласының мемлекеттік медицина университетінің бірінші курс студенттер арасында рефракция аномалиясының таралуы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №2. Б. 129-138.


Авторизируйтесь для отправки комментариев