ТІК ІШЕКТІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ТАМЫР ЭНДОТЕЛИІ ҚЫЗМЕТІ МЕН ГЕМОСТАЗ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫН КОРРЕКЦИЯЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қатерлі ісіктердің қауіпті және кең таралған түрлерінің бірі болып табылатын тік ішектің қатерлі ісігін консервативті емдеуді жетілдіру, заманауи онкологияның маңызды бағыты болып табылады.
Зерттеу мақсаты - тік ішектің қатерлі ісігі бар науқастарда эндотелиальді дисфункцияны түзету мүмкіндіктерін анықтау және оның гемостаз жүйесі мен тромбтық асқынулар дамундағы әсерін бағалау.
Материалдар және әдістер. Тік ішектің қатерлі ісігімен 86 науқас тексерілді, оның ішінде 45 тен 70 жас аралығындағы (орташа жас 62,3±1,8) 45 ер адам (52,3%), 41 әйел (47,7%). Гемостаз жүйесінің тамырлық-тромбоцитарлық түйінінің көрсеткіштерін анықтады: тромбоциттердің агрегациясы; қандағы фон Виллебранд факторын (ВФ); эндотелиальді қызмет үшін: айналымдағы эндотелиоциттерді, қандағы NO метаболиттерін; эндотелий тәуелді вазодилятацияны.
Зерттеу нәтижелері. Тамырлық эндотелий көрсеткіштерін зерттеу айналымдағы эндотелиоциттер, қандағы NO метаболиттер деңгейінің статикалық айқын жоғарлағанын көрсетті. Сонымен қатар эндотелий тәуелді вазодилятацияның айқын төмендеуі байқалды. Бұзылыстар дәрежесі клиникалық кезеңіне байланысты болды. Эндотелиальді дисфункция гемостаз жүйесінің тамырлық- тромбоцитарлық түйіні жағынан бұзылыстармен бірге жүрді. Соңғылары қанда тромбоциттердің жоғарлаған агрегациясымен, дезагрегацияның төмендеуімен және фон Виллебранд факторының жоғарлауымен көрінді. Гемостазиологиялық және эндотелиальді бұзылыстар тромбтық асқынулар дамуына әсер етеді. Статиндер тобындағы препараттарды емдеу құрамында қолдану эндотелиальді және гемостаз бұзылыстарының бұзылыстарын түзетуге әсер етті.Жалпы барлық зерттелген науқастарда тромбоз жиілігі 36,0% құрады. Статиндерді қолдануға байланысты белгіленген топтар арасында айқын статикалық айырмашылықтар болды. Олар 45,2%, р=0,035 құрады. Коррекция жүргізген кезде тромбтық асқынулар дамуы кеш көрініс берді.
Қорытынды: Тік ішектің қатерлі ісігі бар науқастарда тамырлық эндотелидің айқын дисфункциясы байқалады. Статиндер тобындағы препараттарды қолдану коррекцияға деген қарқынды қамтамасыз етіп, тромбтық асқынулар даму уақытын ұзартады және жиілігінің азаюына әсер етеді.
Библиографиялық сілтемелер
Пак Л.А. Опыт коррекции нарушений функции сосудистого эндотелия и системы гемостаза у больных раком прямой кишки / / Наука и Здравоохранение. 2016. №2. С. 118-128.
Pak L.A. The experience of correction of vascular endothelial function and hemostasis in patients with rectal cancer. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 2, pp. 118-128.
Пак Л.А. Тік ішектің қатерлі ісігі бар науқастарда тамыр эндотелиі қызметі мен гемостаз жүйесінің бұзылыстарын коррекциялау тәжірибесі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №2. Б. 118-128.