АЛЬФА-1 - АНТИТРИПСИН ТАПШЫЛЫҒЫЖӘНЕ ӨКПЕНІҢСОЗЫЛМАЛЫОБСТРУКТИВТІАУРУЫ
Кіріспе. Альфа-1-антитрипсин тапшылығы (AATТ) генетикалық ауру болып табылады, өкпе эмфиземасы, бауыр циррозы, панникулит түрінде байқалады және сарысудағыпротеаз ингибиторы болып саналатын AAT деңгейінің төмендеуімен сипатталады. Батыс Еуропада және АҚШ-та аурудың таралуы шамамен 1: 2500 и 1: 5000 жаңа туған нәрестеге бағаланады және көбінесе скандинавиядан шығу тегімен байланысты.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) аурушаңдық пен өлім-жітімнің маңызды себебі болып табылады. 2008 жылы ӨСОА әлемде өлім-жітімнің төртінші себебі болды, бірақ науқастар саны өсуде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) болжамы бойынша, 2030 жылы ӨСОА өлім-жітімнің үшінші себебі болады деп күтілуде.
Мақсаты. Студенттер мен практикалық денсаулық сақтау мамандары осы генетикалық альфа1-антитрипсин тапшылығымен таныстыру.
Әдістер. Бұл жұмыстың дәлелдемелер базасы Кокрандық кітапхананың, EMBASE және MEDLINE мәліметтер базасына осы тақырып бойынша жарияланымдар зерттеу болып табылады. Іздеу тереңдігі 30 жыл.
Нәтижелері. Солтүстік Еуропада барынша кең таралған PI Z және PI S аллельдері және көптеген адамдарда ауыр ААТТ PI ZZ түрі байқалады. ZZ және SZ ААТТ респираторлық белгі (ентігу, жөтел), ересектeреде эмфиземаның, тыныс жолдары обструкциясының ерте дамуының қатер факторлары болып табылады. Шылым шегу, және шаң-тозаң сияқты қоршаған орта факторлары қосымша қатер факторлары болып табылады және аурудың үдеуіне үлес қосады. ААТТ ААТ кодтайтын SERPINA 1 гендегі мутациянәтижесінде туындайды және аутосомды-рецессивті белгі бойынша беріледі. Диагноз сарысудағы ААТ төмен деңгейі және изоэлектрлік фокустеу, ПТР әдісі бойынша анықталады. Өкпе ауруларын көктамырішілік альфа1-антитрипсинмен орнын толтыру емін жүргізу арқылыемдеуді және әрбір 5 жыл сайын пневмококк қарсы вакцина, жыл сайын тұмауға қарсы вакцина егуді ұсынады. Ентігуді бәсеңдету ұзақ әсер ететін бронх кеңейткіштері және ингаляциялық кортикостероидтар арқылы жүзеге асады. Өкпе трансплантациясы аурудың соңғы сатысында қолданылады.
Қорытынды. Шылым шегуден бас тарту, поллютанттармен байланысты болдырмау, алдын-ала вакцина егу ауру үдеуін баялатудың шаралары болып табылады.
Альфа-1-антитрипсин тапшылығының клиникаға дейінгі нақтамалауы адамның кәсіп, тұрғылықты жері, өмір салтын таңдауын анықтайды.
Библиографиялық сілтемелер
Жумагалиева А. Н. Санитарно-эпидемиологическая характеристика медицинских отходов лечебно-профилактических учреждений города Семей / / Наука и Здравоохранение. 2016. №1. С. 127-131.
Zhumagaliyeva A. N. Alpha-1 Antitrypsin deficiency and chronic obstructive pulmonary disease. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 1, pp. 127-131.
Жұмағалиева А. Н. Альфа-1 - Антитрипсин тапшылығы және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №1. Б. 127-131.