ТҮТІНСІЗ ТЕМЕКІ НАСЫБАЙДЫН САПАЛЫҚ ЖӘНЕ САНДЫҚ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Орта Азияда аса көп таралған шылымдық емес темекі түрлерінің бірі насыбай болып табылады, тілдің астына салу арқылы пайдалану уытты қоспалардың, ең әуелі жүрекке, қан тамырларына, жүйке жүйесіне әсер етуін күшейтеді, сосын тез үйреніп кетуін жылдамдатады.
Зерттеудің мақсаты. Шылымдық емес темекі түрлерінің бірі түтінсіз насыбайдың құрамына сандық және сапалық химиялық талдау жасау және GOTHIATEK стандарты көрсеткіштерімен салыстыру.
Мәліметтер мен әдістері. Насыбайдың химиялық құрамын зерттеу, түтінсіз темекінің түрлерінің бірін Laboratory Research & Development, Chemical Analysis, Swedish Match Scandinavia Division SE-118 85 Stockholm Sweden жүргізілді. Насыбайды Қарағанды қаласының базарынан сатып алдық. Темекіге және темекі бұйымдарындағы пестицидтерге талдау жасаудың көптеген-топтық әдістемелері жүргізілді. GOTHIATEK стандарттарымен салыстырылатын сынамалардағы заттектердің шоғырлануының теориялық тұрғыдан ықтималдылығы z-тест көмегімен зерттелді. Айырмашылықтарының мәнінің сыни деңгейі р кем (<) 0,05 деңгейінде анықталды. Есептеу процедурасы SAS бағдарламасында жүргізілді.
Нәтиже. Зерттегенде ешқандай пестицидтердің қалдығы табылмады. Бактериялы егуде насыбайда бактериялардың жоғары таратуы көрсетілді. Бұл әзерлеу, тасу және сақтау кезінде стерильдік жағдайдың болмауын көрсетеді. Насыбай темекіні стандартты GOTHIATEK көрсеткіштерімен салыстырғанда, насвайда нитритиондарының жоғары саны табылған. Темекі-спецификалық N-нитрозамин (TSNA) деңгейі стандартты GOTHIATEK сәл жоғары немесе сәйкес келеді. Әртүрлі насыбай үлгілердің қоспаларың зерттегенде бензапирен, хром, никель, кадмий, қорғасын және күшәла элементтер табылды. Бұл олардың бір жолмен жасалғаның көрсетеді. Бірақ үлгілердін арасында осы элементтердің саны бір-бірінен күрт айрықша. Бұл шын мәнінде, осы өндіріс насыбай оның өндіру үшін ингредиенттер шамамен қосылған. Хром, никель, кадмий, қорғасын және күшәла мөлшелері стандартты GOTHIATEK көрсеткішінен көтерінкі. Біз білетіндей, олар адам үшін зиянды, тітіркендіргіш, уытты және канцерогенді әсер болып табылады.
Қорытынды. Насыбай адам өміріне өте қауіпті, өйткені ондағы табылған қоспалар әдебиеттердегі мәліметтерге сәйкес уыттық немесе канцерогендік әсерлерге ие.
Библиографиялық сілтемелер
Раганин М.У., Заттерстрем У., Линдхольм Й. Количественный и качественный химический анализ некурительного табака насвай / / Наука и Здравоохранение. 2016. №1. С. 106-119.
Raganin M.U., Zätterström U., Lindholm J. Quantitative and qualitative chemical analysis of smokeless tobacco nasvay. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 1, pp. 106-119.
Раганин М.У., Заттерстрем У., Линдхольм Й. Түтінсіз темекі насыбайдын сапалық және сандық химиялық талдау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №1. Б. 106-119.