Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
РЕЦИДИВТІ ЖӘНЕҮЛКЕНШАП-ҰМА ЖАРЫҒЫНЫҢХИРУРГИЯЛЫҚЕМІНІҢНӘТИЖЕЛЕРІ
Мұрааттағы мақалаларды қарау

2008 жылдан 2015 жыл аралығында Семей қаласының ММУ МО-да шап жарығына операция жасалған науқастарға салыстырмалы бағалау жүргізілді. Барлық негізгі топтың науқастары авторлармен ұсынылған әдіс бойынша операция жасалды. Ұсынылған әдіс дәстүрлі әдістермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие, ол рецидивті және үлкен көлемді шап-ұма жарықтарда әмбебап араласу әдісі болып табылады.

Мақсаты Рецидивті және үлкен көлемді шап-ұма жарықтардағы «тіндерді тартусыз» пластиканың ұсынылған әдісі Бассинидің дәстүрлі әдісімен хирургиялық емдеудің салыстырмалы эффективтілігін бағалау.

Материалдар және әдістер. Зерттеуге шап жарығы бойынша операция жасалған 155 науқа қатысты. Оның ішінде 78 науқасқа Бассини бойынша шап каналының артқы қабырғасының пластикасы, ол клиникалық салыстырмалы топты құрады (КСТ). Ұсынылған әдіс бойынша «тіндерді тартусыз» пластикасын 77 науқасқа жасалып, ол негізгі топты құрады (НТ).

Нәтижелер. Бассини бойынша (КСТ) герниопластика оперативті араласу ұзақтығы 61,4±9,6 минутты құрады. Біздің ұсынған (НТ) герниопластика техникасымен операция ұзақтығы 56,8±9,9 минутты құрады. Үш айдан 3 жыл аралығында оперативті емнің НТ - 62 және КСТ – 58 науқас байқалды. КСТ - 3 науқаста, НТ - та рецидив байқалмады, Операциядан кейінгі ауырсыну сезімі мен сол аймақтағы ойлап табылған «тіндерді тартусыз» герниопластикасын Бассини пластикасымен салыстырғанда операциядан кейінгі уақыттарының қысқалығын атап өту қажет. КСТ операция аймағындағы дискомфорт және ауырсыну сезімі 14 науқаста (18%) байқалды. НТ операция аймағындағы дискомфорт және ауырсыну сезімі 7 науқаста (9%) байқалды.

Қорытынды. Шап жарығында «тіндерді тартусыз» герниопластика әдісінің ойлап табылған әдісі қазіргі «тіндерді тартусыз» әдістеріне қарағанда көптеген артықшылықтарға ие. Бұл әдіс II, IIIА, IIIВ, IV типті жарықтарда басқа протездеуші әдіс эффективтілігі бойынша бәсекеге түсе алады. Шап жарығы кезіндегі «тіндерді тартусыз пластиканы» қолданылуы қарапайым, шап жарығын тез және сенімді жоюды, Бассини операциясымен салыстырғанда араласу аймағындағы дискомфорт және ауырсыну сезімінің төмен көрсеткіштері байқалды
Көрген адамдардың саны: 904


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Раимханов А.Д., Аймагамбетов М.Ж., Носо Й., Аужанов Д.Б., Ауенов М.А., Жагниев Ж.Е. Результаты хирургического лечения рецидивных и больших пахово-мошоночных грыж / / Наука и Здравоохранение. 2016. №1. С. 89-97.

Raimkhanov A.D., Aymagambetov M.Zh., Noso Y., Auzhanov D.B., Auenov M.A., Zhagniyev Zh.Y. Results of surgical treatment of recurrent and large inguinal-scrotal hernias. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 1, pp. 89-97.

Раимханов А.Д., Аймағамбетов М.Ж., Носо Й., Аужанов Д.Б., Әуенов М.Ә., Жагниев Ж.Е. Рецидивті және үлкен шап-ұма жарығының хирургиялық емінің нәтижелері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №1. Б. 89-97.


Авторизируйтесь для отправки комментариев