ПЕРИТОНЕАЛДЫ КАНЦЕРОМАТОЗ КЕЗІНДЕГІ ІШПЕРДЕНІҢМИНЕРАЛИЗАЦИЯСЫ
Мақалада перитонеалды канцероматоз кезіндегі ішперде минерализациясын суреттеу, сол сияқты обыркезіндегі ішперде бойындағы ісікклеткаларының диссеминациясы авторлық альтернативті теориясына сәйкес канцероматоздың дамуындағы оның мүмкін болатын ролі берілген. Зерттеу шеңберінде 2012-2015 жылынан бері қарайғы қатерлі ісіктердің асқынғанынан қайтыс болғандардың аутопсийлық материалы зерттеу материалы болды. Осы алынған мәліметтер обырдың метастаздануы теориясына маңызды үлес қосады деп ойлаймыз
Зерттеу мақсаты. ПК көріністерімен обыр кезіндегі диафрагмалды және жамбас ішпердесінің сірілік – лимфалық люктердің жағдайын және ПК дамуының альтернативті теориясы тұрғысынан ішперде бойындағы обыр жасушалары диссеминациясы патогенезіндегі олардың ролін қарастыруын бағалау.
Материалдар және әдістер. Алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін асқазан обыры диагнозымен (2 жағдай) және аналық бездер обырымен (2 жағдай) макроскопиялық жүзеге асырылған канцероматозбен 4 пациенттен (негізгі топ) хирургиялық араласулар кезінде алынған диафрагмалды және жамбас ішпердесінің анатомиялық және патологоанатомиялық материалдары зерделенген болатын. Бақылау ретінде анамнезінде онкологиялық аурулар (4 жағдай) болмаған кенеттен қайтыс болған адамдар аутопсиялық материалы пайдаланылды. Негізгі топты бақылағанда перитонеалды канцероматоз түйіндері 3-5мм. аспады. Олардың саны кең ауқымда құбылды: 5 - 30 - 1500 мм2. Екі топтың жас аралықтары 55-60 жасты құрады. Терең наноанатомиялық зерттеу үшін құрал ретінде үлгілерді элементтік микроталдау және вакуумдау үшін энергодисперсионды қосымшамен дербес компьютер арқылы басқарылатын растрлық электронды микроскоп Tescan Vega-3SBH (өндіруші Чехия) қолданылды. Ластанудан үлгілер беттерін кептіру мен тазарту «FinecoatIonsputter JFC 1100» (JEOL, Жапония) құрылғы көмегімен иондық-плазмалық ерітіндімен өңдеу жүргізілді.
Нәтижелер. Сірілік – лимфалық люктің суреті сұлбамен көрсетілген, олардың перитонеалды канцероматоз кезіндегі қалыпты сорғыш қызметі суреттелген. Люктер филаменттерін минералдауы алғашқы рет мынадай түрде суреттелді: «инфильтративтік», «полиптәріздес» және «кораллтәріздес» минерализация. Ішпердедегі шөгінділер микроэлементты құрамы локалды рентгеноспектралды микроталдаумен өткізілді.
Қорытынды. Ішперде канцероматозы құбылыстарымен ішперде қуысы органдарының обыры кезінде ішперденің минералданыу байқалады. люктер филаменттерінің тұздармен инкрустациясы ішперде лимфалық капиллярларының тұз блоктарының бастапқы кезеңі болып табылуы мүмкін. Осы патогенетикалық механизм перитонеалды канцероматоздың ауқымын өзгертеді және ағымын тереңдетедіБиблиографиялық сілтемелер
Ганцев Ш. Х., Ишмуратова Р. Ш., Соломенный С. В., Кзыргалин Ш. Р. Минерализация брюшины при перитонеальном канцероматозе / / Наука и Здравоохранение. 2016. №1. С. 54-65.
Gantsev Sh. Kh., Ishmuratova R. Sh., Solomennyi S. V., Kzyrgalin Sh. R. Mineralization of the peritoneum in peritoneal carcinomatosis. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 1, pp. 54-65.
Ганцев Ш. Х., Ишмуратова Р. Ш., Соломенный С. В., Кзыргалин Ш. Р. Перитонеалды канцероматоз кезіндегі ішперденің минерализаци / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №1. Б. 54-65.