Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АТЕРОГЕНЕЗ ЖӘНЕ ҚАБЫНУ
Мұрааттағы мақалаларды қарау

Кіріспе: Мақалада, атеросклероз дамуының теориялары және атерогенезде қабыну рөлі туралы қазіргі замандағы көзқарас көрсетілген. Әдебиеттердің, басылымдардың, жарияланымдардың анализдары бойынша, отандық және шетелдік ғалымдарының ой-пікірлеріне сүйене отырып, атеросклероздың қабыну теориясы, атеросклероз дамуындағы цитокиндердің рөлі, атерогенез теориясындағы липидті және қабыну процесстерінің байланысы, атеросклероздық түйіндақ қалыптасуы жазылған. Молекулалық биология, иммунология, генетика саласындағы іргелі зерттеулер айтарлықтай атеросклероз патогенезі тұжырымдамасын кеңейтті.

Мақсаты: атеросклероз патогенезін зерттеу бойынша әдебиеттік ізденіс жүргізу.

Мәліметтер мен әдістері: Осы мақсатқа жету үшін интернет-ресурсында жүйелі әдеби іздеу жүргізілді. Бұл талдау үшін, 300 әдеби көздері қарастырылды, соның ішінен 68 іріктеп алынды. Іздеу жүргізуге келесі негізгі сөздер ұсынылды: «атеросклероз», «қабынуы», «цитокиндер».

Нәтиже: Атеросклероздық түймедақ қалыптасуына және оның тұрақсыздануына қабыну маркерлерінің маңызы өте зор.

Қорытынды: Атеросклероз кезіндегі иммундық жауап беруіне қабыну белсеңді қатысады, негізгісі тінаралық қарым-қатынас жүргізетин медиаторлар - цитокиндер, соның ішінде ИЛ-6 және ФНО-α болып табылады. Алайда, атеросклероз қабыну теориясы бойынша көптеген зерттеулер қарамастан, бүгінгі күнге дейін осы аурудың қабыну деңгейін анықтайтын ауқымы пікір жоқ.

Көрген адамдардың саны: 1961


Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Аймагамбетова А.О. Атерогенез и воспаление. Обзор литературы / / Наука и Здравоохранение. 2016. №1. С. 24-39.

Aimagambetova A.O. Аtherogenesis and inflammation. Reviews. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 1, pp. 24-39.

Аймағамбетова А.Ө. Атерогенез және қабыну. Әдебиеттерге шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №1. Б. 24-39.


Авторизируйтесь для отправки комментариев