Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІП ДАМЫҒАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЭКОЖҮЙЕНІҢ ӘСЕРІ. ӘДЕБИЕТТЕРДІ ШОЛУ.

Кіріспе: Республикамыздың көптеген аймақтарында экологиялық жағдай тек қолайсыз ғана емес, сонымен бірге апатты жағдай. Қазақстанның ірі қалаларының экологиялық мәселелері тау-кен, түсті және қара металлургияны дамытумен байланысты. Халықтың, көлік және өнеркәсіп кәсіпорындарының шамадан тыс жоғары концентрациясы табиғи ортадағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Адам денсаулығына теріс әсер ететін атмосфералық ауаның ластануы экожүйенің зақымдануының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Мақсаты: Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтары экожүйесінің адам денсаулығына әсері туралы ғылыми ақпараттарды жүйелі іздестіруді жүргізу.

Іздеу стратегиясы: Іздеу көздері мамандандырылған іздеу Google Scholar жүйелерін және «қолмен» электронды ғылыми-зерттеу кітапханаларын CyberLeninka, сондай-ақ әдебиет талдауын пайдалана отырып, PubMed (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/) дерекқорда әдеби көздер іздестірілді. Іздеу тереңдігі 15 жыл болды: 2003 жылдан 2018 жылға дейін. Біз PubMed-те мынадай негізгі түйінді сөздерді қолдандық MeSH Terms: Kazakhstan, heavy metals, lead,technogenesis, bioaccumulation, environmental pollution. Қосу критерийлері: мақалалардың толық нұсқалары, метаанализдер және жүйелік шолулар; Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген зерттеулер бойынша ағылшын, орыс тілдеріндегі мақалалар. Алу критерийлері: жалғыз жағдайларды сипаттайтын мақалалар және бірқатар оқиғалар; 2003 жылға дейін жарияланған мақалалар; дәлелдемелі базасы жоқ материалдар, есептердің жиынтығы, тезистер және газет публикациялар. Барлығы 3871 дереккөз анықталды, олардың 83-і кейінгі талдау үшін іріктелді.

Нәтижелері: Әдеби мәліметтерді талдау Қазақстанның экологиялық кернеу аймақтары ішінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе облыстарының және Алматы, Өскемен, Семей, Риддер, Хромтау, Кентау және басқа қалалардың ерекше орын алатынын көрсетті [2]. 2016 жылғы әдебиеттер мәліметтері бойынша, қоршаған ортаның ластануынан туындаған аурулардың нәтижесінде әлемде жыл сайын 3 миллион адам қайтыс болады. Олардың ішінде 5 жасқа дейінгі 1,7 миллион бала (ДДҰ-ның 2017 жылға сай). Қазақстан Республикасында қолайсыз экожүйемен өнеркәсіптік аймақтардың әрбір 10-шы ересек тұрғындары түрлі дәрежедегі жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан зардап шегеді. Мысалы, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының жалпы санының жүректің ишемиялық ауруы үлесі Екібастұз қаласы 28%, Теміртау және Тараз 10%, Ақтау қаласы 5% және Өскемен қаласы 8% - ды құрады [21].

Қорытынды: Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлеріндегі экожүйені жетілдіру және оның салдарынан сырқаттанушылықты төмендету және халықтың денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту - мемлекет, қоғам және денсаулық сақтау органдары үшін ең маңызды міндет болып табылады.

Көрген адамдардың саны: 2010


Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Нурмадиева Г.Т., Жетписбаев Б.А. Влияние экосистемы на здоровье человека в промышленно развитых регионах Казахстана. Обзор литературы. / / Наука и Здравоохранение. 2018. 4 (Т.20). С. 107-132.

Nurmadieva G.T., Zhetpisbaev B.A. Influence of the ecosystem on human health in the industrial developed regions of Kazakhstan. A literature review. // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 4, pp. 107-132.

Нурмадиева Г.Т., Жетписбаев Б.А. Қазақстанның өнеркәсіп дамыған аймақтарындағы адам денсаулығына экожүйенің әсері. Әдебиеттерді шолу. / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 4 (Т.20). Б. 107-132.


Авторизируйтесь для отправки комментариев